«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 20 ақпандағы №2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Нормативтік қаулысы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентіне (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; Юридическая газета, 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2006 жыл, № 9-басылым; Юридическая газета, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) 4-тармақтың сегізінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ереже осы Регламенттің 27 және 28 – тармақтарында қарастырылған жағдайларда да қолданылады.»;
2) 25 – тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқа шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес заңнамаға сәйкес белгілейді.».
2. Нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Ә. Мәми