Хан Елена Максимовна

 

Хан Елена Максимовна

Төраға Хатшылығының меңгерушісі      

1976 жылы 13 тамызда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келеген.

Білімі жоғары. Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген. Заңгер. 

1996 жылғы қыркүйектен бастап 1997 жылғы қарашаға дейін Ақмола облыстық сотының (Көкшетау қаласы) сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеген. 

1997 жылғы қараша айынан бастап 2009 жылғы сәуірге дейін  азаматтардың хаттарын қабылдау бойынша бөлімінің бас маманы, хаттар және азаматтарды қабылдау секторының маманы, Төраға қабылдау бөлмесінің референті, Ұйымдастыру-талдау бөлімі Құжат айналымды қамтамасыз ету бөлімінің аға сарапшысы қызметтерін атқарған. Төраға Хатшылығының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Төрағасы Хатшылығының бас консультанты қызметтерін атқарған.  

2009 жылғы сәуірден бастап 2011 жылғы мамырға дейін Бас Прокурордың аға көмекшісі болып қызмет істеген.

2011  жылғы мамырдан бастап 2013 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Хатшылығының бас консультанты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

2013 жылғы қарашадан бастап 2018 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Жоғарғы Сот Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Бадалиев Манон Киргизбаевич

 

БАДАЛИЕВ Манон Қырғызбайұлы 

Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі

1962 жылы 14 қазанда Тәжік ССР-і Ленинабад облысы Метчин ауданы Янтак ауылында дүниеге келді.
Кеңес Әскері қатарындағы әскери борышын Чехословакияда өткерді.

1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылғы тамыз айынан бастап 1993 жылғы ақпан айына дейін прокуратура органында тәлімгер, Алматы қаласы Октябрь ауданы прокурорының көмекшісі ретінде қызметтен өтті.  

Ауыстыру тәртібінде 1993 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің комитетінде Заңнама, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша консультант, заң бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының аға консультанты, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының кеңесшісі, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Құқықтық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Құқықтық сараптама бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.
Мемлекеттік наградасы - «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған «Астана» Естелiк медалi, мерекелік медалдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»

Рахымбекова Алина Болатқызы

 

Рахымбекова Алина Болатқызы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппараты Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

1981 жылғы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келді.

Жоғары заңгерлік, экономикалық білімі, адам ресурстарын басқару магистрі және МВА дәрежесі бар.

Әр жылдары Кеңес ауданы әкімінің аппаратында, «ҚР ӘМ шаруашылық басқармасы» РМҚК, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Аппаратында жұмыс істеді.

2021 жылғы 24 тамыздан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппараты Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы бар.

Байланыстар:

электрондық пошта: rakhimbekova@ksrk.gov.kz

жұмыс телефоны: 8 (7172)74-76-33

БАЙГЕЛДИ Гульнара Сериккызы

БАЙГЕЛДИ Гульнара Сериккызы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

1973 жылы 9 тамызда Ақмола облысының Целиноград қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін екі тілді меңгере отырып, заңгер мамандығы бойынша, халықаралық құқық бойынша маман, 2004 жылы Халықаралық бизнес академиясын бизнес әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесімен және 2016 жылы Мәскеу қаласындағы «Жоғары Экономика Мектебі» Ұлттық Зерттеу университетін психолог мамандығы бойынша бітірген.

1990 жылғы шілдеден 1990 жылғы қазанға дейін Алматы қаласының Мәскеу аудандық халық сотында архивариус және ІІ санатты машинист лауазымдарында жұмыс істеген.

1990 жылғы қазан айынан бастап 1991 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің экологиялық және ауылшаруашылық құқық кафедрасының хатшы-машинисткасы, лаборанты болып жұмыс істеді.

1992 жылғы қаңтар айынан бастап 1992 жылғы сәуір айына дейін Алматы қаласы прокуратурасының Ерекше және жалпы бөлімінің аға инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

2001 жылғы қаңтардан 2003 жылғы шілдеге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық құқық және конституциялық құқық мамандығы бойынша стажер-зерттеуші ретінде жұмыс істеді.

2003 жылғы тамыздан 2004 жылғы тамызға дейін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Заң бөлімінің консультанты болып жұмыс істеді.

2004 жылғы тамызда Конституциялық Кеңес Аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің бас сарапшысы лауазымына тағайындалды.

Кейін Құқықтық сараптама бөлімінің бас консультанты, Құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, Конституциялық Кеңес Аппаратының Талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 25 қаңтарда Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдары бар.

Байланыс:

электрондық почта: g.baigeldi@ksrk.gov.kz

жұмыс телефоны: 8 (7172)74-79-58

Тасболатов Нұрыш Жақсылықұлы

Тасболатов Нұрыш Жақсылықұлы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

1983 жылы 19 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтын халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен, 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін коммерциялық құқық магистрі дәрежесімен бітірген.

2000 жылғы тамыздан 2007 жылғы маусымға дейін жеке құрылымдарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша адвокаттар алқасында адвокаттың көмекшісі, «Экология» қоғамдық бірлестігінде заңгер, Алматы қаласының «Тұран Әлем Банкінде» тәуекелдерді басқару және дауларды шешу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінде және Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінде сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қаңтардан 2018 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының) Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің Халықаралық байланыстар секторында бас консультант лауазымында жұмыс істеді.

2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», нагрудной значок «Әділет органдарының үздігі» мерекелік медальдары бар.

Байланыстар:

Электрондық адрес: n.tasbulatov@ksrk.gov.kz

Жұмыс телефон: 8 (7172)74-76-28

УӘЛИЕВА Раушан Яхянқызы

УӘЛИЕВА Раушан Яхянқызы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары

1963 жылы 25 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын жоғары санатты тауартанушы мамандығы бойынша бітірген.

1979 жылдың маусымынан 1980 жылдың тамызына дейін Алматы облысы Түрген ауылының "Орленок" Түрген пионер лагерінде пионер жетекшісі болып жұмыс істеді.

1982 жылдың қыркүйегінен 1983 жылдың шілдесіне дейін Красногор ауданының Красногор РайПО-да есепшінің оқушысы және есепші ретінде жұмыс істеді.

1983 жылғы маусымнан бастап 1991 жылғы қарашаға дейін Алматы облысы Қаракемер ауылы С.Киров атындағы жеміс-көкөніс совхозында бөлімше бухгалтері, есеп айырысу үстелінің бухгалтері лауазымдарында жұмыс істеді.

1991 жылдың қарашасынан 1996 жылдың сәуіріне дейін Алматы қ. 1336 ТҮРКВО сауда басқармасының 818 әскери кеңсесінде сатушы болып жұмыс істеді.

1996 жылдың сәуірінен 1998 жылдың қазанына дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, кейін аға салық инспекторы болып жұмыс істеді.

1998 жылғы қарашадан 2021 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппаратында аға референт, консультант, бас консультант, Қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.

2021 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары бар - «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медальі. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Контакты:

электронная почта: uali@ksrk.gov.kz

рабочий телефон: 8 (7172)74-76-45