24.09.2021
Обсуждены поправки в ряд нормативных Постановлений Верховного Суда

2021 жылғы 24 қыркүйекте онлайн режимде Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты А.Мұқышева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Ә.Жүкеновтің төрағалығымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы қаралды.

Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.