24.09.2021
Обсуждены актуальные проблемы толкования норм законов Обсуждены актуальные проблемы толкования норм законов

2021 жылғы 24 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А. Малиновский «Заңдарға ресми түсіндірме берудің (түсіндірудің) өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараны Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары, Бас прокуратура, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Атамекен» ҰКП, шетелдік және отандық ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Форум аясында заңдарға «түсіндірме беру және түсіндіру» ұғымдарын заңнамалық бекіту мәселелері талқыланды.