15.10.2021
128-я пленарная сессия Венецианской комиссии 128-я пленарная сессия Венецианской комиссии 128-я пленарная сессия Венецианской комиссии 128-я пленарная сессия Венецианской комиссии 128-я пленарная сессия Венецианской комиссии

2021 жылғы 15-16 қазанда құрамына Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі, Республика Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И.Рогов және Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары - Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак кірген қазақстандық делегация онлайн-режимде Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) 128-ші жалпы сессиясының жұмысына қатысты.

Жалпы сессияда Венеция комиссиясы: 2019 жылғы 30 маусымда өткен Албаниядағы жергілікті сайлауға қатысты Конституциялық Соттың құзыретін; Словакия Республикасында адвокатураны ұйымдастыру және адвокаттарға қатысты тәртіптік іс жүргізудегі Жоғары әкімшілік соттың рөлін; Украинаның «Өтпелі кезеңдегі мемлекеттік саясаттың принциптері туралы» заң жобасын; Сербиядағы конституциялық түзетулер жобасын; Нидерландыда азаматтарды құқықтық қорғауын; Венгрияның сайлау заңнамасына және басқа да құқықтық актілерге түзетулерді талқылап, бірқатар қорытындылар қабылдады.