06.05.2021
Ұлы Жеңіс күні қарсаңындағы "Игі істер марафоны" Ұлы Жеңіс күні қарсаңындағы "Игі істер марафоны"

Конституциялық Кеңестің қызметкерлері "Игі істер марафоны" атты жалпыұлттық жобасына қатысуды жалғастырып келеді. Қайырымдылық марафоны Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп келеді.

Осы қайырымдылық акциясы аясында, сондай-ақ Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Аппарат қызметкерлері 9 мамырда 15 жасқа толатын мүмкіндігі шектеулі бала Жеңіс Ниязбекұлы Ұзақбайды тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына барды.

Конституциялық Кеңестің қызметкерлері Жеңісті алдағы келе жатқан туған күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.