30.09.2021
80-летний юбилей М.К. Сулейменова 80-летний юбилей М.К. Сулейменова 80-летний юбилей М.К. Сулейменова 80-летний юбилей М.К. Сулейменова 80-летний юбилей М.К. Сулейменова 80-летний юбилей М.К. Сулейменова 80-летний юбилей М.К. Сулейменова

2021 жылғы 30 қыркүйекте Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Майдан Күнтуарұлы Сүлейменовтің 80 жылдығына арналған «Қоғамдық қатынастарды трансформациялау дәуіріндегі азаматтық құқық» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға құттықтау жолдады.

Өзінің құттықтау сөзінде Қ. Мәми Майдан Күнтуарұлының Республика Президенті жанындағы Сараптамалық-консультативтік кеңестің құрамында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бойынша жекелеген конституциялық-құқықтық институттарды әзірлеуге лайықты үлес қосқанын атап өтті. Ол Конституциялық Кеңестің іс жүргізулеріне бірнеше рет сарапшы ретінде қатысты. Негізгі Заңның жасампаздық әлеуетін ашуда оны шығаруға мерейтой иесі белсенді түрде қатысқан Конституцияға ғылыми-практикалық түсініктемелер үлкен рөл атқарады.

Егемен Қазақстанның азаматтық заңнамасын қалыптастыруда және дамытуда біздің ұстазымыздың орасан зор еңбегі баршаға мәлім.

Қ. Мәми академик М. Сүлейменовке зор денсаулық, отбасына амандық және құқықтық ғылымды дамытуда табыс тіледі.

Форум жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, жақын және алыс шет елдердің ғылыми заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.