15.10.2021
Обсуждены вопросы совершенствования уголовного и административного судопроизводств

2021 жылғы 15 қазанда Конституциялық Кеңестің мүшесі А.Қ. Дауылбаев бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссиясы мен Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі Консультативтік комитетінің бірлескен отырысына қатысты.

Отырыста қылмыстық процесс және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру, қылмыстық сот ісін жүргізуді және әкімшілік сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселелері қарастырылды.