17.09.2021
Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов Конференция конституционных судов

2021 жылғы 15-17 қыркүйекте онлайн режимде Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Малиновский «Адам құқықтары және конституционализм: мұсылман елдеріндегі сот билігінің үлесі» тақырыбында Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Конституциялық және Жоғарғы Соттарының/ кеңестерінің Екінші сот конференциясына қатысты.

Іс-шараны Индонезия Республикасының Конституциялық Соты ұйымдастырды.

Конференция жұмысы сот билігінің ізгілік пен демократияны ілгерілетудегі рөліне, сондай-ақ плюралистік қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарды қорғауға арналған екі сессияда өтті.

Конференция аясында В.Малиновский «Қазақстан Республикасы: адамның жоғары құндылықтарын, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі конституциялық бақылау және сот билігі» тақырыбында баяндама жасады. Конституциялық Кеңес мүшесі конференцияға қатысушыларды Қазақстандағы конституциялық бақылаудың қалыптасу және даму тарихы, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасы және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Іс-шараға Әзірбайжан, Алжир, Бангладеш, Индонезия, Иордания, Камерун, Малайзия, Мысыр, Пәкістан, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және ИЫҰ-ның басқа да мүшелері конституциялық әділет органдарының өкілдері қатысты.