01.03.2021
К. Мами встретился с заместителем Председателя Высшего совета по реформам К. Мами встретился с заместителем Председателя Высшего совета по реформам К. Мами встретился с заместителем Председателя Высшего совета по реформам К. Мами встретился с заместителем Председателя Высшего совета по реформам К. Мами встретился с заместителем Председателя Высшего совета по реформам

2021 жылғы 1 наурызда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен және АХҚО Соты мен ХТО-ның тіркеушісі және Аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холтпен кездесті.

Кездесу барысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы қонақтарды қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметімен, сондай-ақ Республика Президенті елдегі конституциялық заңдылық режимін одан әрі нығайту саласында қойған міндеттермен таныстырды.

Қ. Мәми атап өткендей, әлемге танымал заңгерлер құрған АХҚО құқықтық инфрақұрылымы Қазақстанның ұлттық құқықтық жүйесін жаңғырту жөніндегі шараларды толықтырады және оның заң құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Осының арқасында біз шетелдік серіктестермен қарым-қатынасымызды да нығайта аламыз, бұл, сайып келгенде, елдегі құқық үстемдігін нығайтуға оң әсер етеді.

Әңгімелесу Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің қызметі шеңберінде іске асырылып жатқан, мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік басқару жүйесін қайта форматтауға, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға жаңа тәсілдер туралы болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов те қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Кездесудің соңында Қ. Мәми қонақтарға барлық белгіленген жоспарларды іске асыруда табыс тіледі.