18.06.2021
IV Kazakh-French Forum IV Kazakh-French Forum IV Kazakh-French Forum IV Kazakh-French Forum IV Kazakh-French Forum IV Kazakh-French Forum IV Kazakh-French Forum

2021 жылғы 18 маусымда «Цифрландыру дәуіріндегі құқық» тақырыбында IV Қазақстан-француз форумы өтті.

Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Сорбонна-Қазақстан институты және «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы Француз Республикасының елшілігімен, Судьялар ұлттық мектебімен және Лотарингия Университетімен (Франция) бірлесіп ұйымдастырды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде атап өткендей, жаңа шынайылық жағдайында құқық экономиканы, басқаруды және әлеуметтік өмірдің басқа да сегменттерін цифрландыруды қамтамасыз ететін құралға ғана емес, сонымен қатар нәтижесінде өзінің нысаны, мазмұны мен қолданыс тетігі өзгеріп отыратын ықпал ету объектісіне де айналуда. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде Конституцияда цифрлық өркениет жағдайында да ескерілуге тиіс негізгі қағидаттар айқындалатынын түсіну қажет. Бірінші кезекте ақпараттық технологиялар адамның конституциялық құқықтарын іске асырудың тиімділігін арттыруға қызмет етуі тиіс, деп қорытындылады Конституциялық Кеңестің Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Атқарушы директорының орынбасары И. Рогов модератор болды.

Сонымен қатар, форумға қатысушыларға Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Н. Әбдіров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов, Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, Әділет министрі М. Бекетаев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Д. Біләлов құттықтау сөз сөйледі.

Шетелдік әріптестер қатарында Қазақстандағы Францияның Елшісі Дидье Канесс, Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясының вице-Президенті Клэр Бази-Малори, Франция сенаторы Кристоф-Андрэ Фраса, Францияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысы Шарль Дюшон, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының директоры Талия Хабриева және басқалары қатысты.

Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов қазіргі заманғы қоғамды цифрландыру жағдайында әкімшілік және конституциялық құқыққа қатысты мәселелер қаралған форум секциясында модератор болды.

Форум жұмысына Қазақстанның мемлекеттік органдары мен академиялық топтарының өкілдері, Францияның, Ресейдің, Ұлыбританияның, Қырғызстан мен Өзбекстанның сарапшылары қатысты.