25.02.2021
Конгресс Конференции Конгресс Конференции Конгресс Конференции Конгресс Конференции

2021 жылғы 25 ақпанда онлайн режимінде «Адам құқықтары және негізгі бостандықтар: ХХІ ғасырдағы халықаралық, ұлттықтан жоғары және ұлттық каталогтардың арақатынасы» тақырыбында Еуропалық Конституциялық соттар конференциясының XVIII Конгресі өтті.

Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми 18-ші Конгреске қатысушыларға бейне құттықтау жолдады, онда еуропалық Конституциялық соттар конференциясының бай тарихы бар екенін атап өтті. Конференция 50 жылға жуық уақыт ішінде конституциялық дамудың өзекті мәселелері бойынша шешімдер талқыланатын және қабылданатын жалпы танылған алаңға айналды. Еуропа Кеңесінің Венециялық Комиссиясымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қауымдастық мүшелерінің белсенді қатысуымен Конференция жекелеген құқықтық институттар бойынша конституциялық доктринаны қалыптастырудың бастауында болды.

Конституциялық Кеңестің төрағасы Чехия Республикасының Конституциялық сотын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, сот ұжымына конституциялық құндылықтарды іске асыруда одан әрі табысқа жете беруін тіледі.

Конгресс жұмысына Конференция мүшелері, сондай-ақ байқаушылар мен қонақтар қатысты.