16.09.2021
Состоялся 4-й Международный симпозиум по вопросам свободы вероисповедания Состоялся 4-й Международный симпозиум по вопросам свободы вероисповедания Состоялся 4-й Международный симпозиум по вопросам свободы вероисповедания

2021 жылғы 15-16 қыркүйекте құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Н.Ш. Марипова Индонезияның Конституциялық соты ұйымдастырған «Конституциялық сот, дін және конституциялық құқықтарды қорғау» атты 4-ші Халықаралық симпозиумға онлайн режимде қатысты.

Іс-шарада Австралия, Үндістан, Малайзия, Палестина, Сингапур, Түркия және Вьетнам спикерлері сөз сөйледі. Форум аясында қатысушылар конституциялық демократияны дамыту контексінде діни сенім бостандығын тану және сақтау мәселелеріндегі түрлі елдердің озық тәжірибесін, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы конституциялық әділет және сот билігі органдарының рөлін талқылады.