06.05.2021
Ардагерлердің қаһармандығы алдында бас иеміз      Ардагерлердің қаһармандығы алдында бас иеміз      Ардагерлердің қаһармандығы алдында бас иеміз

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтау іс-шаралары аясында Конституциялық Кеңес қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрысбек Садықовты құттықтады.

Тұрысбек Садықов 18 жасында соғысқа шақырылып, Чита облысына әскери-теңіз флотына жіберілген. 1945 жылы тамызда Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Жапониямен шекараға соғысқа аттанады. «За Победу над Японией» медалімен, «30 лет Советской Армии» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Кездесу барысында Конституциялық Кеңестің қызметкерлері құрметті ақсақалға бейбіт аспан, жауынгерлік ұрыстарда көрсеткен батылдығы мен Жеңіс жолындағы ерлігі үшін алғыстарын айтып, оған мықты денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.