Азиялық Қауымдастық Бас хатшыларының отырысы өтті

 
27.08.2020
Фото
1

2020 жылғы 26 тамызда онлайн режимде Азиялық Конституциялық соттар және балама институттар Қауымдастығы Бас хатшыларының отырысы өтті. Ол Конституциялық Кеңестің осы ұйымға төрағалық етуі аясында Қауымдастық мүшелері Кеңесі мен IV Конгресінің отырысы қарсаңында өтті. Іс-шараға қатысушыларды Қауымдастықтың қазіргі төрағасы Қ. Мәми қарсы алды. Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы қонақтарды Қауымдастықтың 10 жылдығымен құттықтай отырып, Бас хатшылардың оның жарғылық мақсаттарын ілгерілетудегі жемісті ынтымақтастығын атап өтті. Қауымдастыққа мүше органдардың аппараттары өзара қарым-қатынастарды тұрақты негізде қолдайды және мүшелер Кеңесі мен Конгресс қызметін қамтамасыз етеді. Делегациялар Жарғыға түзетулер жобаларын және мүшелер Кеңесінің отырысында қабылдауға жоспарланған өзге де құжаттарды, Қауымдастыққа жаңа мүшелердің кіру мәселелерін, сондай-ақ Индонезияда, Кореяда және Түркияда орналасқан ұйымның тұрақты хатшылықтарының қызметін талқылады. Бұдан басқа, Тараптар IV Конгрестің нәтижелері бойынша мақұлданатын Қауымдастықтың қорытынды құжатының мазмұнына қатысты пікір алмасты.

Секретариат конгресса

По всем интересующим вопросам относительно Конгресса просим обращаться по следующим контактам:

+77172747632, +77172747958

Телефоны экстренных служб

Противопожарная служба — 101
Полиция — 102
Скорая помощь — 103
Экстренная служба спасения — 112

Иная информация

Погода в г. Нур-Султане резко континентальный умеренный климат. Лето здесь может быть как очень жарким и сухим, так и дождливым и ветренным. По данным 2019 года, фактическая среднемесячная температура месяца август 20.5°. Самая высокая температура 37.9° была 6 августа.
Часовой пояс: GMT +6
Электричество: 220 вольт, 50 Гц, вилки (тип С, Е, F)
Телефон: +7 (код страны); 7172 (код города Нур-Султан)