«Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 шiлдедегі № 16/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д.  Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда және мына өкiлдердiң:

Мемлекет басшысынан – Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың;

Қазақстан Республикасының Парламентiнен – Сенаттың аймақтық даму және өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi комитетiнiң мүшесi  А.В. Белоглазовтың, Мәжiлiс Аппаратының бас сарапшысы К.Ф. Елкиннiң;

Республика Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнен – аңшылық ресурстары бөлiмiнiң бастығы К.О. Елубаевтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысуға шақырылғандардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

1. «Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы» Заңның жобасын Республика Парламентi депутаттарының бiр тобы 1998  жылғы 29 қыркүйекте Мәжiлiске енгiзген болатын. Республика Парламентi 1999 жылғы 24 маусымда бұл Заңды қабылдаған және 1999 жылғы 1 шiлдеде Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.

Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республика Президентi үстiмiздегi жылдың 19 шiлдесiнде жоғарыда аталған Заңды Республика Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтiнiш жолдады.

2. Конституциялық Кеңес «Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы» Заңның  Республика Конституциясына сәйкестiгiн тексере отырып, оның нормаларын сараптау бiрнеше аспектiлердi анықтағанына назар аударды.

Бiрiншi - қамаудағы немесе жартылай қамау жағдайындағы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiне меншiк иелерiн анықтаудағы Республика Конституциясының 6-бабының 3-тармағына Заңның 3-бабы екiншi тармағының сәйкестiгi.

Екiншi – жануарлардың бұл түрлерiне меншiк құқығы пайда болуының конституциялылығы.

3. Республика Конституциясы 6-баптың 3-тармағында «жануарлар дүниесi» ұғымын пайдалана отырып, оның мағынасын ашпайды. Бұл ұғымды түсiндiру қолданылып жүрген заңдарда берiледi.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес жануарлар дүниесiне құрғақта, суда, атмосферада және жер қыртысында табиғи еркiн жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтiн барлық жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенд