Жамбыл облыстық сотының анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану

туралы ұсынымы жөнiнде

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1998 жылғы 6 қазандағы № 7/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан ашық отырысында Жамбыл облыстық сотының Анықтау,   алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымын қарап, мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

1998 жылғы 14 қыркүйекте Конституциялық Кеңеске1981 жылғы 18 мамырда ҚСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымы келiп түстi.

Конституциялық  Кеңестiң  мүшесi  О.Қ. Ықсановтың баяндамасын тыңдап және ұсынымға қатысты материалдарды, оның iшiнде Жоғарғы Сот және Бас прокуратураның қорытындыларын зерделей келiп, Конституциялық Кеңес Жамбыл облыстық сотының анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымын қанағаттандыруға болмайды деп есептейдi.

Жамбыл облыстық соты өзiнiң ұсынымында 1981 жылғы 18 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының  заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженiң Конституцияға сәйкес еместiгiн аталған Ереже Азаматтық Кодекстiң (АК) 9-бабына және Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң (ҚIК) 41-44 баптарына қайшы келiп,  аталмыш органдардың заңсыз әрекеттерiнен зардап шеккен адамдардың моральдық зиянын өтеу мүмкiндiгiн көздемейдi деп дәлелдейдi.

Шынында да 1981 жылғы 18 мамырда бекiтiлген анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың тартқан залалын өтеу туралы Ережеде шеккен   моральдық зиянды өтеудi көздейтiн норма жоқ. Бiрақ бұл азаматты зиянның бұл түрiн өтеудi талап ету құқығынан айырмайды, өйткенi 1995 жылғы 1 наурызда күшiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 14-бабы және 1998 жылғы 1 қаңтарда күшiне енгiзiлген Республика Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң 41-44 баптары оған мұндай құқық бередi. Аталған актiлердiң қайсысын - 1981 жылғы 18 мамырда бекiтiлген Ереженi ме әлде Республика кодекстерiн басшылыққа алу керек пе деген мәселе туындауы мүмкiн емес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы» Қаулысының 2-тармағына сәйкес ҚСРО-ның заң нормалары, егер олар аталған конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдық және нормативтiк актiлерiне қайшы келмейтiн болса, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыла бередi.

Сөйтiп, 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереже Конституция бекiтiп берген адам және азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi, соның iшiнде оны Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-ба