Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ

КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң

281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 10 шiлдедегі № 14/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен осы қаулының дәлелдеу бөлігінің жекелеген ережелері алып тасталынды.

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өзiнiң ашық отырысында Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар Қ.Ә. Омарханов пен В.Д. Шопиннiң баяндамасын тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 26 маусымда Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын (бұдан әрi – Кодекс) конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiш беруге Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуiнде жатқан, «Монолитстрой» акционерлiк қоғамы (АҚ) президентiнiң оған Солтүстiк