Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 1997 жылғы 15 қазандағы № 17/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 27.04.2011 жылғы № 4 нормативтік қаулысымен осы қаулының жекелеген ережелері алып тасталды.

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А. Ким, Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.I. Өкеев, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов қатысқан құрамда 1997 жылғы 15 қазандағы ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн  белгiлейтiн  Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсiндiрiп беру туралы өтiнуiн қарады.

Мәжiлiске өтiну субъектiсiнiң өкiлi заң шығару және  сот- құқық реформасы жөнiндегi Комитеттiң мүшесi, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты И.К. Елекеев; Парламент Сенатының өкiлдерi – заң шығару және сот-құқық реформасы жөнiндегi Комитеттiң хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты А.К. Котов; Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлiмiнiң консультанты К.А. Мәутенбаева; маман,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  академиясының  академигi С.З. Зиманов қатысты.

 

Баяндамашы, Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.I. Өкеевтiң хабарын, И.К. Елекеев, А.К. Котов және К.А. Мәутенбаеваның сөздерiн, академик С.З.Зимановтың  қорытындысын тыңдап және қолда бар материалдарды зерттей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

 

ҰЙҒАРДЫ:

 

1997 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтан Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсi