Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын, 175-бабы
3-бөлiгiнiң «в» тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағын,
179-бабы 3-бөлiгiнiң «г» тармағын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабы 3-бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi
ұсынысы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2003 жылғы 26 маусымдағы № 9 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының төрайымы Р.Н. Юрченконың,
Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Республиканың Әдiлет вице-министрi С.М. Бекбосыновтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағын, 178-бабы
3-бөлiгiнiң «в» тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң «г» тармағын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргiзу кодексiнiң 19-бабы 3-бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысын қарады.
Қолдағы бар конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ж. Балтабаевты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2003 жылғы 3 маусымда Республика Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрi – ҚК) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамдардың жауаптылығын көздейтiн 175-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағын және 179-бабы 3-бөлiгiнiң «г» тармағын, он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығын ескеру бөлiгiнде, Конституцияның 1, 12, 14, 27, 77-баптарына сәйкес емес деп тану жөнiндегi ұсынысы келiп түстi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сай Жоғарғы Сот, ҚК-тiң 13-бабының және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi – ҚIЖК) 19-бабы 3-бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес еместiгi туралы мәселемен толықтыра отырып, өтiнiштiң көлемiн ұлғайтқан.
Жоғарғы Сотта жатқан, Лениногор қалалық сотының үкiмiмен
ҚК-тiң 175-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағымен, 178-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағымен, 179-бабы 3-бөлiгiнiң «г» тармағымен, 255-бабы 4-бөлiгiнiң «в» тармағымен, 259-бабы 1-бөлiгiмен, 251-бабы 4-бөлiгiмен сотталған, В.С. Зиневичтiң қылмыстық iсi Конституциялық Кеңеске өтiнiш беруге себеп болған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы, сотталғанның шағымы бойынша iстi қарап шығып, өзiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен, В.С. Зиневичтiң iс-әрекетiн ҚК-тiң 175-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағынан, 178-бабы 3-бөлiгiнiң «в» тармағынан, 179-бабы 3-бөлiгiнiң «г» тармағынан, 255-бабы 4-бөлiгiнi