Қазақстан Республикасы

Президентiне қол қоюға тапсырылған, Қазақстан Республикасының Парламентi 1997 жылғы 12 наурызда қабылдаған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуi туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Кеңес Төрағасы Ю.А. Кимнiң, Кеңес мүшелерi Н.И. Акуевтiң, О.Қ. Ықсановтың, В.В. Мамоновтың, С.Н. Сәбiкеновтiң, С.Ғ.Темiрболатовтың, В.Д. Шопиннiң құрамында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң заң шығару және сот жүйесi мәселелерi бөлiмiнiң меңгерушiсi Б.Ә. Мұхамеджановтың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi И.И. Роговтың, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлдерi – Мәжiлiс депутаттары Ө.А. Жолдасбековтың, Н. Қалиевтiң, Сенат депутаттары Ж.М. Әбдiлдиннiң, И.П. Щеголихиннiң және С. Шаухамановтың, сарапшы – Қазақтың мемлекеттiк әлем тiлдерi университетi жалпы тiл бiлiмi кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымының докторы, профессор М.М. Копыленконың, маман – Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң қазақ, орыс және шығыс тiлдерi кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымының кандидаты, доцент Қ. Қадашеваның қатысуымен ашық мәжiлiсте Қазақстан Республикасы Президентiне 1997 жылғы 24 наурызда қол қоюға тапсырылған,  Қазақстан  Республикасының Парламентi 1997 жылғы 12 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнуiн қарады.

БаяндамашыларКонституциялық Кеңес мүшелерi С.Ғ. Темiрболатовтың және В.Д. Шопиннiң хабарламаларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдерi Б.Ә. Мұхамеджановтың, И.И. Роговтың, Республика Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң өкiлдерi Ө.А. Жолдасбековтың, Н. Қалиевтiң, Ж.М. Әбдiлдиннiң, И.П. Щеголихиннiң және С. Шаухамановтың, сарапшы М.М. Копыленко мен маман Қ. Қадашеваның сөздерiн тыңдап, аталған өтiну бойынша маман Р.М. Есболатованың жасаған қорытындысымен және басқа материалдармен таныса келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

ҰЙҒАРДЫ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1997 жылғы 11 сәуiрде Қазақстан Республикасы Президентiне 1997 жылғы 24 наурызда  қол  қоюға тапсырылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы өтiнiшi келiп түстi.

Берiлген Заңның, Конституциялық Кеңестiң сұрауы бойынша түскен материалдардың мазмұнын, сарапшының және мамандардың қорытындыларын зерттей келiп, Қазақстан Республикасы Президентi мен Парламентi өкiлдерiн тыңдай келiп, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңын негiзiнен Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес деп тапты. Аталған заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын жүзеге асыру ретiнде қабылданған.

Соған  қарамастан, Конституциялық Кеңес «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» қабылданған Заңның 8 және 23-бабының үшiншi бөлiгi нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбiр нормаларына сәйкес келмейдi деп есептейдi. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс- қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, қажет болған жағдайда орыс тiлi ресми түрде мемлекеттiк тiлмен тең қолданылатынын» белгiлейтiн 8-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабы 2-тармағына сәйкес келмейдi, өйткенi заңның талданып отырған нормадағы «қажет болған жағдайда» делiнетiн сөз тiркесi «ресми түрде қазақ тiлi орыс тiлiмен тең қолданылады» деген конституциялық нормасын өзгерiске ұшыратады. Аталған конституциялық норма бiржақты түсiндiрiледi, мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ және орыс тiлдерi тең дәрежеде, ешбiр жағдайдан тыс бiрдей қолданылады.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 23-бабы үшiншi бөлiгiнде бекiтiлген нормаларды талдау кезiнде Конституциялық Кеңес белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптер мен мамандықтардың, сондай-ақ лауазымдардың тiзбесiн белгiлеуге Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмейдi дейтiн тұрғыдан келедi.

Алайда, атап айтқанда Республика Үкiметi көрсеткен тiзiм анықтамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағы 1 тармақшасы, 3-баптың 4-тармағы мен 33-баптың 4-тармағына қайшы келедi. Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және кәсiби талапқа сәйкес бiлу талабы субъект құқығына және жеке тұлғалардың мiндеттемелерiне жатады, Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына сәйкес бұл қатынастар тиiстi заңдар шығаруға құқылы, заң шығарушы орган ретiндегi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тiкелей құзырына жатады деп есептейдi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында мемлекеттiк тiлдi қолдану саласындағы қоғамдық қатынастар заңмен реттелетiнi белгiленген, ал атқарушы орган ретiнде Үкiметке мұндайда мемлекеттiк тiлдi меңгеру үшiн қажет ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрiн жасау атап айтылған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағындағы  Республика  Парламентiнiң құзырына  жататын қоғамдық қатынастарды реттеу құқығын Қазақстан Республикасының Үкiметiне беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4-тармағында тұжырымдалған билiк бөлiсу принципiн бұзғандық болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 4-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызмет саласы үшiн мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидаттыққа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына қатысты болады және заңмен белгiленедi. Демек, белгiлi бiр көлемде мемлекеттiк тiлдi мiндеттi түрде бiлу үшiн заң шығарушы органның тиiстi заңдар шығару жолымен емес Үкiметтiң мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазым тiзiмiн белгiлеуi 33-баптың 4-тармағында тұжырымдалған конституциялық нормаға қайшы келедi.

Айтылғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72 бабының 1-тармағы 2) тармақшасын, 17-баптың 2-тармағы 1) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Жарлығының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

 

ҚАУЛЫ ЕТТi:

 

1. Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға берiлген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 8-бабы Республика Конституциясының 7-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның 23-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес емес – Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына, 3-бабының 4-тармағына және 33-бабының 4-тармағына сәйкес емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Жарлығының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, Конституцияға сәйкес емес деп танылған заңдарға қол қоюға және күшiне енгiзуге болмайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, республиканың барлық аумағына жалпы мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда ол түпкiлiктi және арыздануға жатпайды.