«Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына

сәйкестiгiн тексеру туpалы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2006 жылғы 13 шiлдедегi № 4 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, H.B. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П. Нұғымановтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты И.Ә. Әмiровтiң,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл

Б.К. Байқадамовтың,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы М.Т. Әлiмбековтiң,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлдерi –Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаев пен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының басшысы С.Ғ. Темiрболатовтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң, өзiне қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы–Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.М. Нұрмағамбетовтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың, сарапшының – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң заң факультетi деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Әбдiрәсiловтiң,  «Адам  құқықтары  үшiн  хартия»  қоғамдық қорының атқарушы директоры Ж.Ө. Тұрмағамбетованың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ мамандардың – Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң ұлттық және халықаралық құқық факультетi деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Ж. Қапсалямовтың және Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушiсi, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ү. Жекебаевтың қорытындыларымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2006 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 21-тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Конституциялық заңның 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Республика Президентiнiң Республика Парламентi 2006 жылғы 8 маусымда қабылдап, өзiне қол қоюға 2006 жылғы 14 маусымда ұсынылған, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс  жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы өтiнiшi келiп түстi.

Заңның конституциялылығын тексеру кезiнде Конституциялық

Кеңес мынаны ескердi.

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы), бұл Қазақстан Республикасы үшiн жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын айғақтайды (Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2 қаулысы).

Негiзгi Заңның 12-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi», – делiнедi. Бұл норманың мазмұнынан келiп шығатыны мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарына Конституциямен және соған сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген шектерде кепiлдiк бередi (Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2 қаулысы). Бұл ретте әркiм өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы). Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң құқық қорғаушылық қызметi осы тәсiлдердiң бiрi болып табылады.

Аталған конституциялық ережелердi дамыта отырып Республика Парламентi осы қаралып отырған, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң сот талқылауына қатысуының процессуалдық- құқықтық тәртiбiн реттейтiн Заңды қабылдаған.

Заң Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қылмыстық және азаматтық сот iсiн жүргiзудегi процессуалдық мәртебесiн айқындайды, оған бiрiншi инстанциядағы сотта сот талқылауына қатысу, сондай- ақ сотқа немесе прокуратураға соттың заңды күшiне енген үкiмiн немесе қаулысын тексеру туралы өтiнiшпен жүгiну құқығын бередi. Тұтас алғанда Заң Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң сот iсiн жүргiзу аясындағы құқық қорғау мүмкiншiлiктерiн кеңейтуге бағытталған.

Сонымен бiрге, Заңға жасалған талдау оның кейбiр нормалары

Конституцияның жекелеген ережелерiне сай келмейтiнiн көрсетедi.

Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа немесе прокуратураға «соттың заңды күшiне енген үкiмiн немесе қаулысын тексеру туралы өтiнiшпен» жүгiну құқығы берiледi. Осы тармақтың 3) тармақшасымен «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл сот талқылауында өзiнiң өкiлеттiктерiн iске асы