Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 1999 жылғы 18 наурыздағы № 5/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 27.04.2011 жылғы №4 нормативтік қаулысымен осы қаулының жекелеген ережелері алып тасталды.

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлi Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Е.Ж. Жұмабаевтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Парламент Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағының «тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұрған» нормасы бөлiгiне ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi В.В. Мамоновтың хабарламасын, өтiнiм субъектiсi өкiлiнiң сөйлеген сөзiн тыңдап, сондай-ақ мамандардың қорытындысымен таныса келiп, Конституциялық Кеңес мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

1999 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесiне Парламент Сенатының Төрағасы Ө. Байгелдидiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 4-тармағының «тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұрған» нормасы бөлiгiне ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi.

Сенат Төрағасы Ө. Байгелди өз өтiнiмiнде осы нормада белгiленген тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемiнде үш жыл тұрақты тұру шарты Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының тұрғылықты жерiн өзгертiп, Алматыдан Астанаға көшуiне және Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының өзгеруiне байланысты екiұшты ұғым туғызады деп дәлелдеген.

Осы баптың орыс тiлiндегi «постоянно проживающий» нормасы мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi «тұрақты тұрған» дегеннен басқаша ұғымды бiлдiредi. Осыған байланысты өтiнiмде мынадай сұрақтар қойылған:

Төрт жылға сайланған, тұрғылықты жерiн Алматы қаласына, одан кейiн Астана қаласына ауыстырған Сенат депутаттары келесi мерзiмге сайлану үшiн қайтадан дауысқа түсе ала ма?

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының өзгеруi нәтижес