«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің

2017 жылғы 9 наурыздағы № 1 нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төрағаның міндетін атқарушы А.М.Нұрмағамбетов, Кеңес мүшелері Н.В.Белоруков, А.Қ.Дауылбаев, В.А.Малиновский, Ү.М.Стамқұлов, У.Шапак қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан    Республикасы    Үкіметінің    өкілі    –    Қазақстан

Республикасының Әділет министрі М.Б.Бекетаевтың,

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б.Ермекбаевтың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.Б.Ақылбайдың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот- құқықтық реформа комитетінің төрағасы Н.М.Әбдіровтің,

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Ә.Ғ.Рақышеваның,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Н.Әбдіқадыровтың,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельдің, Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары М.Ө.Қалқабаевтың,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ.Демеуовтің,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б.Тілеубердінің,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О.Шәкіровтің қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А.Малиновскийдің хабарлауын, отырысқа қатысушылардың, сарапшылар – заң ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университеті   заң   факультетінің   мемлекет   және   құқық   теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ж.Д.Бұсырмановтың және заң ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры   Е.М.Абайділдиновтің, «Діндерді зерттеу орталықтарының  қауымдастығы»  Заңды  тұлғалар бірлестігінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ю.О.Денисенконың сөйлеген     сөздерін тыңдап, сарапшылар: заң   ғылымдарының докторы,   Д.А.Қонаев атындағы   Еуразиялық заң академиясының профессоры Е.Е.Дүйсеновтің; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сорбонна-Қазақстан институтының профессоры С.Н.Сәбікеновтің; заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сорбонна- Қазақстан институтының халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі А.Ә.Сәбитованың қорытындыларын зерделеп; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық    университетінің    жанындағы    Мемлекет және құқық институтының (сарапшылар: институт директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Сәлімгерей; жетекші ғылыми қызметкер, заң    ғылымдарының кандидаты М.Б.Құдайбергенов; аға ғылыми қызметкер С.А.Шапинова), «Университет КАЗГЮУ» Акционерлік қоғамының (мына құрамдағы сарапшылар тобы: Басқарма төрағасының орынбасары – С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының  директоры   М.М.Дәуленов және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Е.Д.Оралова), «Заңгерлер әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.К.Айтхожин және заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А.Әлібаева), пікірлерімен, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып, жекелеген шет елдердің заңнамасы мен практикасын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

 

АНЫҚТАДЫ:

 

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңын 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, сол күні Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.

Қазақстан      Республикасы      Конституциясының      72-бабы

1-тармағының 2-тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  Қазақстан  Республикасының  Президенті  бұл  Заңды Республика Конституциясына, оның ішінде Конституцияда белгіленген құндылықтарға және Республика қызметінің түбегейлі принциптеріне, оны басқару нысанына сәйкестігіне тексеру үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жолдады.

«Қазақстан   Республикасының   Конституциясына   өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) конституциялығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

1. Заңмен Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бірқатары оның қолданыстағы құқық жүйесіндегі үстемдігін және еліміздің бүкіл аумағында сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге, мемлекетті басқаруды жетілдіруге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, олардың өз конституциялық міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұлттық құқық пен халықаралық актілердің өзара іс-қимылында жинақталған    тәжірибені    ескере    отырып    Заңның    1-бабының 2-тармағымен Конституцияның 4-бабы 3-тармағының редакциясы өзгертілген: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады». Заңның 1-бабының 1-тармағымен Конституцияның 2-бабы «Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін» деген 3-1-тармақпен толықтырылған.

Заңның  1-бабының  3-тармағымен  Конституцияның  10-бабы

2-тармағының жаңа редакциясы енгізілген: «Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі», соған байланысты Конституцияның 39-бабының 3-тармағында 10-баптың аталуы алып тасталды.

Қазақстан халқы бірлігінің конституциялық кепілдіктерін күшейту мақсатында    Заңның    1-бабының    4-тармағымен    Конституцияның 39-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізілген, оған сай ұлтаралық татулықты ғана емес, конфессияаралық татулықты  да  бұзатын  кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

Республика   Президентіне,   Заңның   1-бабы   6-тармағының

3) тармақшасына сай, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Конституцияға сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдауға өкілеттік беріледі (Конституцияның  44-бабының  10-1)  тармақшасы  және  72-бабының 2-тармағы).

Заңның 1-бабы 25-тармағының 2) тармақшасымен Конституцияның 91-бабы мынадай 3-тармақпен   толықтырылған:«Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады». Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысы өтініш субъекті болып табылады (Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасы).

Республика Президентінің Конституциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдіру құқығы қарастырылған Конституцияның 73-бабының 4-тармағы Заңның 1-бабының 18-тармағымен алып тасталған.

Заңмен  (1-баптың  25-тармағының  1)  тармақшасы)  айрықша қорғалатын     конституциялық     құндылықтар     тізбесі кеңейтілген:

«Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай- ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  –  Елбасының  мәртебесі  өзгермейді»  (Конституцияның 91-бабының 2-тармағы). Сол арқылы, өзінің конституциялық мәртебесі мен жеке қасиеттері арқасында егемен Қазақстанның, оның ішінде Негізгі Заңның конституциялық құндылықтары және Республика қызметінің түбегейлі принциптері қалыптасуы мен дамуына шешуші үлес қосқан; Қазақстанның бірлігі, Конституциясы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуын қамтамасыз еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Негізін салушы ретіндегі тарихи миссиясы конституциялық жолмен расталады.

2. Заңмен Парламент пен Үкіметтің рөлін, дербестігін және жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік биліктің біртұтастығы және бөлінгендігі принципін ескере отырып, жекелеген өкілеттіктерді Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің арасында қайта бөлу арқылы президенттік басқару нысанын демократиялық жаңғырту жүзеге асырылды.

Конституцияның   49-бабының   1-тармағына   сәйкес   (Заңның

1-бабы 8-тармағының редакциясында) Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы». Мемлекет басшысы өзінің заңдар, заң күші бар жарлықтар шығару жөніндегі; Парламент оларды өзіне берген жағдайда заң шығару өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі, сондай- ақ Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсыру жөніндегі  өкілеттіктерінен  (Конституцияның  45-бабының  2-тармағы, 61-бабының 2-тармағы, Конституцияның 44-бабының 3) тармақшасы) бас тартуынан келіп Парламенттің мақсатын бұлай маңызды нақтылау туындайды (Заңның 1-бабының 7 және 9-тармақтары). Сонымен бірге, Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге   құқығы   сақталады,   бұл   тиісті   заң   жобалары   бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi (Конституцияның 61-бабының 2-тармағы Заңның 1-бабы 12-тармағының редакциясында).

Конституцияның   55-бабын   1-1)   тармақшамен   толықтыруға сай Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату Сенаттың ерекше қарауына жатқызылған (Заңның 1-бабының 10-тармағы). Бұл институт, осылайша, конституциялық деңгейге көтеріледі. Сол арқылы мемлекеттің құқық қорғау мүмкіншіліктері күшейе түседі.

Заңның 1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасымен Парламент Мәжілісінің Үкіметті жасақтаудағы рөлі көтеріледі. Үкіметті жасақтаудың жаңа тәртібі құрылды: Премьер-Министр Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Мемлекет басшысына Үкімет мүшелерінің кандидатуралары туралы ұсыныс енгізеді. Президент қызм