Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 7/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Заңдар және сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi Т.С. Донақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығы 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмiн қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi В.Д. Шопиннiң хабарламасын, конституциялық iс жүргiзуге қатысушы – Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлi Т.С. Донақовтың сөйлеген сөзiн тыңдап, конституциялық өндiрiс материалдарын зерделей келiп, Конституциялық Кеңес мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

1999 жылғы 4 наурызда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi. Өтiнiмде осы көрсетiлген конституциялық нормалар бойынша қызметiнен босатылған Қазақстан Республикасының судьялары оларды атқарып отырған қызметiнен босату туралы тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулыларына сотқа шағынуға құқығы бар ма деген мәселе қойылған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, қаралып отырған өтiнiм бойынша материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлiнiң сөйлеген сөзiн тыңдай келiп, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

«Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» деген Қазақстан  Республикасы Конституциясы 13-бабы 2-тармағының нормасы кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн сотқа шағынуға құқығы бар екенiн бiлдiредi. Бұл құқықты пайдалану заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен жүзеге асырылады. Судьяларды қызметiне тағайындауды және сайлауды Республика Конституциясы 82-бабында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты жүзеге асырады. Республика Конституциясы 79-бабының 1-тармағына сәйкес судьялардың өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығы 47-бабының 2-тармағында судьяларды қызметiнен босатудың ерекше тәртiбi анықталып, судьяларды қызметiнен босату туралы мәселелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесi мен Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қарауы көзделген, олардың ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынымы бойынша Парламент Сенаты және Әдiлет министрiнiң ұсынымы бойынша Республика Президентi тиiсiнше қаулылар мен шешiмдер қабылдайды.  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  аталған Жарлығы сондай-ақ шағым берудiң ерекше тәртiбiн белгiлейдi: егерде судья мен Әдiлет бiлiктiлiк алқасының шешiмiмен келiспесе, ол Жоғары Сот Кеңесiне арыздана алады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң – мемлекет басшысының, сондай-ақ Сенаттың – Республиканың жоғары өкiлдi органы болып  табылатын Қазақстан  Республикасы Парламентiнiң екi палатасының бiрi есебiнде ерекше конституциялық мәртебесiне байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясында олардың актiлерiн бұзу туралы нормалар жоқ, ал Үкiметтiң, министрлiктердiң, Республиканың басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi органдардың (44-баптың 3)-тармақшасы, 66-баптың 7) тармақшасы, 88-баптың 3 және 4-тармақтары) актiлерiне қатысты бұған жол берiледi.

Жоғарыда баяндалғандар Қазақстан  Республикасы судьяларын қызметiнен босатудың ерекше тәртiбiне байланысты оларды қызметiнен босату туралы тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулыларына сотқа шағымдануға олардың қақысы жоқ екенiн бiлдiредi.

«Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең» деген Республика Конституциясы 14-бабының 1-тармағы адамдардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғауын және әркiмнiң заң алдында жауапкершiлiгi бiрдей екендiгiн белгiлейдi. Заң алдында тең болу адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға мүмкiндiк беретiн нақтылы шарттар мен жағдаяттардың нақ осы заңдарда анықталатынын бiлдiредi. Судья қызметiн атқарып жүрген адамдар судьяларды тағайындау және судья қызметiнен босатудың ерекше тәртiбiн белгiлейтiн заң алдында тең.

«Сот билiгi Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде  туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады» деген Қазақстан Республикасы Конституциясы 76-бабы 2-тармағының нормасын Республикада сот әдiлдiгiн сот iсiн жүргiзудiң заң белгiлеген нысаны арқылы тек сот жүзеге асырады деп түсiну қажет. Заң негiзiнде адамның және азаматтың кейбiр конституциялық құқықтарын шекте