Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2000 жылғы 3 шiлдедегі № 15/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен осы қаулының жекелеген ережелері алып тасталынды.

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының мiндетiн атқарушы В.Д. Шопин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Т.С. Донаковтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының  2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп шығып, баяндамашылар – Конституциялық Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Омархановтың және В.Д. Шопинның баяндамаларын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөзiн тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 2)-тармақшасын, 61-бабының 2-тармағын, 62-бабының 2-тармағын, 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын осы ормаларда «заң» терминi қолданылатын бөлiгiн ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiш субъектiсi көрсетiлген конституциялық нормаларды түсiндiру кезiнде, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 13-бабының 1-тармағында, дәлiрек айтқанда, Парламент Қазақстан Республикасы заңдары нысанындағы заң актiлерiн, соның iшiнде конституциялық заңдарды да, қабылдайды делiнген болса, «заң» терминiнiң «конституциялық заң» түсiнiгiн бiлдiретiнiн не бiлдiрмейтiнiн анықтауды сұрайды.

Конституциялық Кеңес отырысының барысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының  21-бабы  3-тармағының 1) тармақшасына сай Конституцияның 45-бабы 2-тармағының өтiнiште қойылған сұрақ бөлiгiнде ресми түсiндiрудi енгiзiп, өтiнiм көлемiн ұлғайту туралы өтiнiшiн мәлiмдедi.

Осы өтiнiштi қарағанда Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы 1-тармағына сәйкес Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. 62-баптың 2-тармағында заңдардың Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енетiнi белгiленген. Конституцияның осы нормасы заңдардың барлық түрлерiне де, оның iшiнде конституциялық заңдарға да қолданылады.

Одан кей