Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің1999 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А. Ким және Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев,  Ж.Д. Бұсырманов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темiрболатов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары В.Н. Веснин мен А.М. Рамазановтың, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтiк қорғау министрi Н.А. Коржованың, Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрi Б.А. Мұхамеджановтың қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына,  24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмiн қарады.

Баяндамашылар – Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев пен Ж.Д. Бұсырмановтың хабарламаларын, осы өтiнiм бойынша конституциялық өндiрiске қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ, сарапшылар – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүше- корреспондентi, Мемлекет және құқық институтының директоры Ғ.С. Сапарғалиевтың және заң ғылымдарының докторы, «Әдiлет» Жоғары құқық мектебiнiң профессоры С.А. Димитрованың қорытындыларымен таныса келiп, Конституциялық Кеңес мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

1999 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы  Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарына, 24-бабының 2-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi.

Конституциялық Кеңеске өтiнiм жасауға Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң  Парламентке зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту және азаматтардың жекелеген санаттарының жеңiлдiктерi туралы заңдарға өзгерiстер енгiзу туралы заңдардың жобаларын енгiзуi себеп болды. Парламент депутаттары әлеуметтiк жәрдемақы төлемiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке көшiрудiң заңдылығына күмән келтiредi, өйткенi, олардың пiкiрiнше, бұл азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша кемсiтуге және Конституцияның 14-бабының 1-тармағында көзделген заң алдында жұрттың бәрi тең деген принциптi бұзуға әкеп соғады. Сонымен қатар, олар жұмыссыздық бойынша берiлетiн жәрдемақыны халықты әлеуметтiк  қорғау жөнiндегi шаралар санатынан шығарып тастау азаматтардың жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалу құқықтарын жоғалтуына әкеп соғады, ал бұл Конституцияның 24-бабының 2-тармағының нормасына қайшы келедi деп есептейдi.

Парламент  депутаттары, сондай-ақ, жаңа Заңда зейнетақының мұндай түрiн