«Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 2000 жылғы
26 желтоқсандағы № 22/2, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 және «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын қайта қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2008 жылғы 24 қыркүйектегi № 7 Нормативтiк қаулысы

Қазақстан    Республикасы    Конституциялық    Кеңесi,    Төраға И.И.   Рогов,   Кеңес   мүшелерi   I.Ж.   Бақтыбаев,   Н.В.   Белоруков, А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Республикасы Парламентi Сенатының депутаты Қ. Ахметовтiң,
Қазақстан     Республикасы     Парламентi     Мәжiлiсiнiң     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Парламентi    Мәжiлiсiнiң    депутаты С.Ғ. Темiрболатовтың,
Қазақстан    Республикасы    Үкiметiнiң    өкiлi    –    Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтiң, Қазақстан     Республикасы     Бас     прокуратурасының     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Бас    Прокурорының    орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық құқық департаментi директорының орынбасары А.Қ. Кинжебаеваның қатысуымен, өзiнiң    ашық    отырысында,    «Қазақстан    Республикасының Конституциясына   өзгерiстер   мен   толықтырулар   енгiзу   туралы»
2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Қазақстан  Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, «Қазақстан Республикасы Конституциясының  54-бабы  7)  тармақшасын  ресми  түсiндiру туралы»     Қазақстан     Республикасы     Конституциялық     Кеңесiнiң
2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2, «Қазақстан Республикасы Конституциясының  54-бабы  7)  тармақшасын  ресми  түсiндiру туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 және «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 қаулыларын қайта қарау туралы мәселенi қарады.
Баяндамашы       –       Конституциялық       Кеңестiң       мүшесi I.Ж. Бақтыбаевтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң қаулыларын және өзге де конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

АНЫҚТАДЫ:

1.   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Республиканың халықаралық шарттарының күшiн жоюы мәселелерi бойынша түсiндiрме берiлген Конституцияның 54-бабы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына   өзгерiстер   мен   толықтырулар   енгiзу   туралы»
2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Қазақстан  Республикасының
Заңымен жаңа редакцияда жазылды.
«Қазақстан   Республикасының   Конституциясына   өзгерiстер мен   толықтырулар   енгiзу   туралы»   2007   жылғы   21   мамырдағы № 254-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясындағы Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Парламент  Палаталардың  бөлек  отырысында  мәселелердi  әуелi
– Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.
Республиканың халықаралық шартына Қазақстан Республикасының    Парламентi    ратификациялады    немесе    оның күшiн жойды деген мәртебе беретiн актiнiң нысаны Конституцияның
54-бабының бұрынғы редакциясында көрсетiлмеген болатын. Оның үстiне, Конституцияның 54-бабының құрылымы өзгерiске ұшырады.
Осылайша, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы   Конституциялық   заңының   36-бабы   1-тармағының
1)  тармақшасына  сәйкес  «Қазақстан  Республикасы Конституциясының  54-бабы  7)  тармақшасын  ресми  түсiндiру туралы»     Қазақстан     Республикасы     Конституциялық     Кеңесiнiң 2000  жылғы  26  желтоқсандағы  №  22/2  қаулысын  қайта  қарауға негiз бар.
2.   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2 қаулысының күшiн жою «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы  7)  тармақшасын  ресми  түсiндiру  туралы»  2001  жылғы 13   желтоқсандағы   №   16-17/3   және   «Қазақстан   Республикасы Конституциясының   54-бабының   7)   тармақшасын   ресми   түсiндiру туралы» 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын қайта қарауды қажет етедi.
«Қазақстан      Республикасы      Конституциясының      54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 қаулысынан     мынадай     сөйлемдер:     «Конституциялық     Кеңестiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2 қаулысында, бұл аталған мәселелердi шешу заңмен реттеу аясына жатады деген түсiндiрме берiлген. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы» заң күшi бар 1995 жылғы 12 желтоқсандағы қолданылып жүрген Жарлығына сiлтеме жасалады» алынып тасталуға тиiс (қаулының дәлелдеу бөлiгiнiң тоғызыншы абзацының екiншi және үшiншi сөйлемдерi).
«Қазақстан    Республикасы    Конституциясының    54-бабының 7)     тармақшасын     ресми     түсiндiру     туралы»     2006     жылғы 18 мамырдағы № 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулысының дәлелдеу бөлiгiнiң 1-тармағының бiрiншi абзацынан Қазақстан   Республикасы   Конституциялық   Кеңесiнiң   2000   жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2 қаулысына сiлтеменi алып тастау керек.
Бұл көрсетiлген қаулылардың редакциялары өзгертiлгенде олардың iшкi қисыны сақталады, Конституциялық Кеңестiң құқықтық позициялары бұрынғыша қалады.
3.   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   54-бабы 7)     тармақшасын     ресми     түсiндiру     туралы»     2000     жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы  7)  тармақшасын  ресми  түсiндiру  туралы»  2001  жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 және «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулыларының қайта қаралуы Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшi жойылатынын бiлдiрмейдi.
Жазылғанның      негiзiнде,      «Қазақстан      Республикасының Конституциялық   Кеңесi   туралы»   1995   жылғы   29   желтоқсандағы
№    2737    Қазақстан    Республикасы    Конституциялық    заңының 36-бабы  1-тармағының  1)  тармақшасын,  3-тармағын,  31-33  және 41-баптарын   басшылыққа      алып,      Қазақстан      Республикасы Конституциялық Кеңесi

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   54-бабы
7)  тармақшасын  ресми  түсiндiру  туралы»  Қазақстан  Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/2 қаулысының күшi жойылсын.
2.   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 қаулысының, осы қаулының дәлелдеу бөлiгiнiң тоғызыншы абзацының екiншi және үшiншi сөйлемдерi алынып тасталып, бiр бөлiгiнде күшi жойылсын.
3.   «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық   Кеңесiнiң   2006   жылғы   18   мамырдағы   №   2 қаулысының  дәлелдеу  бөлiгiнiң  1-тармағының  бiрiншi  абзацы мынадай   редакцияда   жазылсын:   «1.   Конституцияның   54-бабы 7)  тармақшасының  мазмұнына  түсiндiрме  Конституциялық  Кеңестiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 қаулысында берiлген».
4.   Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей  мiндеттi  және  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
5.   Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.