«Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулысын және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы
12 сәуiрдегi № 1/2 қосымша қаулысын қайта қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2008 жылғы 7 ақпандағы № 1 Нормативтiк қаулысы

Қазақстан    Республикасы    Конституциялық    Кеңесi,    Төраға И.И.    Рогов,    Кеңес    мүшелерi    Х.Ә.    Әбiшев,    Н.В.    Белоруков, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың: Қазақстан     Республикасы     Парламентi     Мәжiлiсiнiң     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Парламентi    Мәжiлiсiнiң    депутаты Н.Н. Турецкийдiң, Қазақстан    Республикасы    Үкiметiнiң    өкiлi    –    Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,
Қазақстан     Республикасы     Бас     прокуратурасының     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Бас    Прокурорының    орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi – Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың қатысуымен, өзiнiң    ашық    отырысында,    «Қазақстан    Республикасының Конституциясына   өзгерiстер   мен   толықтырулар   енгiзу   туралы»
2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Қазақстан  Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулысын және «Қазақстан Республикасы   Жоғарғы   Сотының   және   Қазақстан   Республикасы Бас   Прокурорының   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының
13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы»     Қазақстан     Республикасы     Конституциялық     Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы» Қазақстан   Республикасы   Конституциялық   Кеңесiнiң   2002   жылғы
12   сәуiрдегi   №   1/2   қосымша   қаулысын   қайта   қарау   туралы мәселенi қарады.
Баяндамашы       –       Конституциялық       Кеңестiң       мүшесi Ү.М.  Стамқұловтың  хабарлауын,  отырысқа  қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сарапшы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры М.К. Сүлейменовтiң қорытындысымен танысып, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулыларын және өзге де конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны

АНЫҚТАДЫ:

1.   «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан   Республикасы   Конституциялық   Кеңесiнiң   2002   жылғы 15    ақпандағы    №    1    қаулысы,    «Қазақстан    Республикасының Конституциясына   өзгерiстер   мен   толықтырулар   енгiзу   туралы» 2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Қазақстан  Республикасының Заңы арқылы мазмұны өзгертiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес қабылданды.
Атап  айтқанда,  Негiзгi  Заңның  «Соттар  және  сот  төрелiгi» деп аталатын VII бөлiмiнiң кейбiр баптарының нормалары, соның iшiнде сот жүйесiне Республиканың Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарымен  қатар  «Республиканың  басқа  да  соттары»  қосылған 75-бабының 3-тармағы түзетулерге ұшырады.
Одан тыс, қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне  салынатын  тыйымның  алынып  тасталуы  (Конституцияның 5-бабы), сондай-ақ елiмiздiң Негiзгi Заңына басқа да бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi «өзара байланыса келе, мемлекеттiк  билiктiң  мақсатын,  мемлекет  функциясының  мазмұнын жаңаша түсiндiруге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өзара қарым-қатынасы принциптерiн айқындауға, азаматтық  қоғам  институттарын  мемлекеттiк  маңызы  бар мәселелердi шешуге кеңiнен қатыстыруға, өзгерiп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгiлеуге мүмкiндiк бередi» (Конституциялық Кеңестiң 2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 нормативтiк қаулысы).
Бұл жазылған, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы   Конституциялық   заңының   36-бабы   1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулысын қайта қарап, күшiн жоюға негiз болып табылады.
2.   Конституциялық Кеңес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы     Конституциясының     13-бабы     2-тармағын     және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы» 2002 жылғы 12 сәуiрдегi № 1/2 қосымша қаулыны қабылдаған болатын.
Осы      шешiмнiң      қаулы      бөлiгiнiң      4-тармағына      сай «Конституциялық Кеңестiң қосымша қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан бөлiп алғысыз және онымен бiр мезгiлде қолданылады». Демек, негiзгi қаулыны қайта қарап, күшiн жою осы қосымша қаулыны қайта қарап, күшiн жоюға әкеп соқтырады.
3. Конституциялық   Кеңес,   «Қазақстан   Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң   2002   жылғы   15   ақпандағы   №   1   қаулысының   және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы»     Қазақстан     Республикасы     Конституциялық     Кеңесiнiң 2002  жылғы  12  сәуiрдегi  №  1/2  қосымша  қаулысының  күшiн  жою, 2004  жылғы  28  желтоқсандағы  №  22-III  «Аралық  соттар  туралы», 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 23-III «Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық  Кеңестiң  осы  аталған  қаулыларымен  байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшi жойылатынын бiлдiрмейдi, деп атап көрсетедi. Қажет болғанда бұл аталған заңдар және тиiстi құқықтық актiлер белгiленген тәртiппен жойылуы, өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Жазылғанның негiзiнде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық  заңының  36-бабы  1-тармағының  1)  тармақшасын, 2    және    3-тармақтарын,    31-33    және    40-баптарын,    41-бабы
1-тармағының    2)    тармақшасын    басшылыққа    алып,    Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесi

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.   Мыналардың:
-     «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   13-бабы 2-тармағын және 75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан   Республикасы   Конституциялық   Кеңесiнiң   2002   жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулысының;
-  «Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  және Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокурорының  «Қазақстан Республикасы     Конституциясының     13 бабы     2-тармағын     және75-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысына қатысты өтiнiштерi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2002 жылғы 12 сәуiрдегi № 1/2 қосымша қаулысының күшi жойылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық  заңының  40-бабы  1-тармағына  сәйкес,  осы  қаулы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 22-III «Аралық соттар туралы» және
2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 23-III «Халықаралық коммерциялық төрелiк   туралы»   Қазақстан   Республикасы   заңдарының,   сондай- ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшiне әсер етпейдi деп белгiленсiн.
3.   Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей  мiндеттi  және  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
4.   Осы  қаулы  республикалық  ресми  басылымдарда  қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.