«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы
№ 254-iii Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң кейбiр нормативтiк қаулыларын қайта қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2007 жылғы 8 қарашадағы № 9 қаулысы

Қазақстан    Республикасы    Конституциялық    Кеңесi,    Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, Н.В.Белоруков,       В.А.       Малиновский,       А.М.       Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан     Республикасы     Парламентi     Сенатының     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Парламентi    Сенатының    депутаты Қ. Ахметовтың,
Қазақстан     Республикасы     Парламентi     Мәжiлiсiнiң     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Парламентi    Мәжiлiсiнiң    депутаты Н.Н. Турецкийдiң,
Қазақстан    Республикасы    Үкiметiнiң    өкiлi    –    Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,
Қазақстан     Республикасы     Бас     прокуратурасының     өкiлi –    Қазақстан    Республикасы    Бас    Прокурорының    орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлА.О. Шәкiровтiң,
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Жауапты хатшысы В.К. Советскийдiң қатысуымен,  өзiнiң    ашық    отырысында    «Қазақстан    Республикасының Конституциясына   өзгерiстер   мен   толықтырулар   енгiзу   туралы» 2007   жылғы   21   мамырдағы   №   254-III   Қазақстан   Республикасы Заңының    қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң бұдан бұрын қабылданған кейбiр нормативтiк қаулыларын қайта қарау туралы мәселенi қарады.
Баяндамашы       –       Конституциялық       Кеңестiң       мүшесi Н.В. Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап,  Конституциялық  Кеңесiнiң  нормативтiк  қаулыларын  және өзге де конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны

АНЫҚТАДЫ:

«Қазақстан   Республикасының   Конституциясына   өзгерiстер мен   толықтырулар   енгiзу   туралы»   2007   жылғы   21   мамырдағы
№ 254-III Қазақстан Республикасының Заңы арқылы елiмiздiң Негiзгi Заңына елеулi тузетулер енгiзiлдi. Конституциялық новеллаларда қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастау (Конституцияның 5-бабы), өлiм жазасын қолдану ауқымын шектеу (Конституцияның 15-бабы), тек қана соттың санкциясымен   тұтқындау   және   қамауда   ұстау   (Конституцияның
16-бабы) көзделген. Конституцияға Республика Президентi сайланатын мерзiмдi     (41-бап),     Парламенттiң     өкiлеттiгiн,     депутаттарының санын,  оларды  сайлау  тәртiбiн  және  өкiлеттiгiн  тоқтату  негiздерiн (50-58,   61-63-баптар),   Үкiметтi   (44,   56-баптар),   Конституциялық Кеңестi (57, 71-баптар)  және басқа да кейбiр мемлекеттiк органдарды (57, 58-баптар)  құру рәсiмдерiн өзгертетiн түзетулер енгiзiлдi. Негiзгi Заңның сот және құқық қорғау жүйелерiнiң (75, 82, 84-баптар) , жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару (86, 87, 89-баптар) қызметiн регламенттейтiн және басқа да кейбiр нормалары өзгертiлдi.
Конституциялық реформа негiзгi қоғамдық-саяси институттар мен олардың даму келешегiн түсiнудегi жаңа тұжырымдамалық көзқарастарды айқындап бердi. Конституцияға енгiзiлген бiрқатар өзгерiстер   мен   толықтырулар   (5,   43,   44,   51,   84,   89-баптар), өзара байланыса келе, мемлекеттiк билiктiң мақсатын, мемлекет функциясының мазмұнын жаңаша түсiндiруге, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың өзара қарым- қатынасы принциптерiн айқындауға, азаматтық қоғам институттарын мемлекеттiк маңызы бар мәселелердi шешуге кеңiнен қатыстыруға, өзгерiп отыратын қоғамдық қатынастармен бара-бар заң нормаларын белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
Бұл елiмiздiң бүкiл нормативтiк құқықтық базасын, Қазақстан
Республикасы  Конституциялық  Кеңесiнiң  нормативтiк  қаулыларын қоса    отырып,      жаңартылған      Конституцияға      сәйкестендiрудi талап етедi.
«Қазақстан   Республикасының   Конституциялық   Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы   Конституциялық   заңының   36-бабы   1-тармағының
1)   тармақшасына   сәйкес   Конституциялық   Кеңестiң   шешiмiн   ол өз  бастамасы  бойынша,  егер  Кеңес  қабылданған  шешiмге  негiз болған Конституция нормасы өзгердi деп тапқан жағдайда, қайта қарауы мүмкiн.
Жүргiзiлген талдау көрсеткенiндей, Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрын қабылданған кейбiр нормативтiк қаулылары қайта қарауды талап етедi. Негiзгi Заңның өзгертiлген және толықтырылған нормаларына сәйкес келмейтiндерi толығымен жойылуға тиiс, Конституциялық Кеңестiң конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтiн жекелеген ережелерiн алып тастағанда Конституция нормаларын түсiндiрудiң iшкi қисыны, мазмұндылығы мен мағынасы жоғалмайтын нормативтiк қаулылары iшiнара жойылуға тиiс. Сол арқылы, Конституциялық Кеңестiң тиiстi конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырыла отырып қабылданып, iшiнара күшi жойылып отырған қорытынды шешiмдерде бекiтiлген құқықтық позициялардың нысаны өзгермейдi және ауқымы кеңеймейдi.
Жазылғанның негiзiнде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық  заңының  36-бабы  1-тармағының  1)  тармақшасын, 2    және    3-тармақтарын,    31-33    және    40-баптарын,    41-бабы 1-тармағының    2)    тармақшасын    басшылыққа    алып,    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.   Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мына нормативтiк қаулыларының толығымен күшi жойылды деп танылсын:
1.1. «Қазақстан            Республикасы            Конституциясының 5-бабының   2-тармағын   ресми   түсiндiру   туралы»   1997   жылғы 29 сәуiрдегi № 8/2 ;
1.2. «Парламент   Мәжiлiсi   депутатының   өкiлеттiгiн   тоқтату үшiн негiздер бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының   1   және   5-тармақтарын   ресми   түсiндiру   туралы» 1997 жылғы 23 мамырдағы № 12/2;
1.3. «Қазақстан   Республикасы   Президентiнiң   1998   жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған «Сауда- өнеркәсiп палаталары туралы» Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкестiгi  туралы  өтiнiшi  туралы»  1998  жылғы 31 шiлдедегi № 5/2 ;
1.4. «Қазақстан          Республикасы          Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдаған «Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы» 1999 жылғы 18 ақпандағы № 15/2 ;
1.5. «Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрiнiң  «Сауда- өнеркәсiп палаталары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 18 ақпандағы № 15/2 қаулысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарсылығы туралы» 1999 жылғы 29 наурыздағы № 15/3; 1.6. «Қазақстан   Республикасы   Конституциясының   83-бабы
1-тармағын   және   84-бабы   1-тармағын   ресми   түсiндiру   туралы» 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 23/2 ;
1.7. «Қазақстан    Республикасы    Конституциясы    3-бабының 3-тармағын,   6-бабының   1-тармағын,   8-бабын   және   66-бабының 5)  тармақшасын ресми  түсiндiру туралы» 2001  жылғы  12  сәуiрдегi № 1/2;
1.8. «Қазақстан   Республикасы   Конституциясы   52-бабының 3   және   5-тармақтарын   ресми   түсiндiру   туралы»   2001   жылғы17 мамырдағы № 7/2 ;
1.9. «Қазақстан   Республикасы   Конституциясы   61-бабының 1   және   4-тармақтарын   ресми   түсiндiру   туралы»   2001   жылғы
8 маусымдағы № 8/2 ;
1.10.   «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  16  және 83-баптарын ресми түсiндiру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 13 ;
1.11.   «Қазақстан          Республикасы          Конституциясының 50-бабының   3-тармағын   ресми   түсiндiру   туралы»   2004   жылғы 12 ақпандағы № 1 .
2.   Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мына нормативтiк қаулыларының:
2.1. «Қазақстан    Республикасы    Конституциясы    4-бабының 1-тармағын,     14-бабының     1-тармағын,     77-бабы     3-тармағының 3)    тармақшасын,    79-бабының    1-тармағын    және    83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3: дәлелдеме бөлiгiнiң 4-тармағының бiрiншi абзацы; дәлелдеме бөлiгiнiң 7-тармағы; қаулы бөлiгiнiң 4-тармағының бiрiншi сөйлемi; қаулы бөлiгiнiң   6-тармағындағы «тек қана» деген сөздер алынып тасталып;
2.2. «Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 16 мамырдағы № 11/2: дәлелдеме       бөлiгiнде       «Конституцияның       52-бабының 1-тармағында Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес делiнген. Бұл нормалардың мәнiнен шығатын жәйт, депутаттың қызметi ешқандай да аманатқа немесе тапсырмаға қатысты емес, ол жалпы мемлекеттiк мүдделердi басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық  заң  күшi  бар  «Қазақстан  Республикасының Парламентi    және    оның    депутаттарының    мәртебесi    туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Жарлығының 24-бабының 1-тармағында: «Парламент   депутаты   қандай   да   болсын   аманатты   мандатпен, соның iшiнде аманат немесе тапсырмамен байланысты емес және Парламентте өз сенiмi бойынша дауыс бередi» деп көрсетiлген» деген сөздер алынып тасталып;
2.3. «Адвокаттық   қызмет   туралы»   Қазақстан   Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына   сәйкестiлiгi   туралы»   1999   жылғы   2   шiлдедегi № 12/2: дәлелдеме бөлiгiнiң жетiншi абзацындағы «және сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк қаржыландыруға» деген сөздер алынып тасталып;
2.4. «Қазақстан            Республикасы            Конституциясының 52-бабының    1    және    5-тармақтарын,    72-бабы    1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/2: дәлелдеме бөлiгiнiң 1-тармағы; дәлелдеме бөлiгiнiң 3-тармағы тоғызыншы абзацының бiрiншi сөйлемi; қаулы бөлiгiнiң 1-тармағы алынып тасталып;
2.5. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын  және  63-бабының  1-тармағын  ресми  түсiндiру  туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 6: дәлелдеме бөлiгiнiң 4-тармағы; қаулы бөлiгiнiң 4-тармағы алынып тасталып, iшiнара күшi жойылды деп танылсын.
3. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы     Конституциялық     заңының     40-бабына     сәйкес, осы қаулының керi күшi болмайды, сондықтан Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрын қабылданған нормативтiк қаулыларының толығымен  не  iшiнара  күшiн  жою,  Конституцияның  74-бабының  1 және 2-тармақтарына орай, конституциялық емес деп танылған заңдарға  Республика  Президентi  қол  қоюы  немесе  оларға  заңдық күш қайтарылуы мүмкiн екендiгiне әкеп соқтырмайды деп белгiленсiн. Қажет болған кезде мұндай заңдар Конституцияда  және нормативтiк құқықтық  актiлердi  әзiрлеу  мен  қабылдау  тәртiбiн  регламенттейтiн заңнамада белгiленген рәсiмдердi сақтай отырып қайта қабылдануы мүмкiн.
4.   Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей  мiндеттi  және  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
5.   Осы  қаулы  республикалық  ресми  басылымдарда  қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.