Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысын Қазақстан
Республикасы Конституциясының 79-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру бөлiгiнде қайта қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2004 жылғы 18 маусымдағы № 7 қаулысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И.  Рогов  және  Кеңес  мүшелерi  Қ.Ә.  Әбiшев,  Қ.Ж.  Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк- құқық басқармасының сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi П.А. Пақырдiновтiң, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың, Республика Әдiлет вице-министрi С.Н.  Баймағанбетовтiң,  Республика  Жоғарғы  Сотының  жанындағы Сот әкiмгершiлiгi жөнiндегi комитеттiң төрағасы В.М. Борисовтың қатысуымен,
өз бастамасы бойынша ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасы Конституциясы   4-бабының   1-тармағын,   14-бабының   1-тармағын,
77-бабы  3-тармағының  3)  тармақшасын,  79-бабының  1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы
6 наурыздағы № 3 қаулысын қайта қарау туралы мәселенi қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованы және отырысқа қатысушыларды тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:

Конституцияның 79-бабының 1-тармағын түсiндiрген кезде, Конституциялық Кеңестiң қайта қаралып отырған қаулысының уәждеу бөлiгiнде мынадай деп атап көрсетiлген:
«Аталған     Жарлықтың     8-бабының     1-тармағына     сәйкес бiрiншi сатыдағы соттарда iстердi қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда  тұрақты  үш  судьяның  құрамында  жүзеге  асырады» (7-тармақтың екiншi абзацы);
«Қолданылып жүрген заңда белгiленген тұрақты судьялардан тұратын соттармен салыстырғанда бұрын болған халық соттары және 
басқа елдердегi қазiргi ант берген судьялар судьялардың тұрақтылық және кәсiбилiк сияқты белгiлерiн иеленбейдi» (7-тармақтың үшiншi абзацы).
Конституциялық Кеңес қаулысының қаулы алу бөлiгiнде мынадай    деп    белгiленген:    «...7.    Конституцияның    79-бабының
1-тармағының нормасы мен сот құрылысы туралы қолданылатын заң соттар тек кәсiби, тұрақты судьялар құрамында құрылатынын ескередi. Республикада қолданылатын құқық бойынша соттарды басқа құрамда құру ескерiлмеген».
Республика  Конституциясының  79-бабының  1-тармағына ресми түсiндiрменi Конституциялық Кеңес «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 1998 жылғы  7 қазандағы № 284-I Заң қабылданғанға дейiн    берген    болатын,    бұл    заң    Негiзгi    Заңның    75-бабының
2-тармағын мынадай ережемен толықтырды: «заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқа заседательдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады».
Осылайша,      Конституциялық      Кеңестiң      1997      жылғы 6   наурыздағы   №   3   қаулысының   уәждеу   бөлiгi   7-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары және қаулы алу  бөлiгiнiң  7-тармағы 1998      жылғы      7      қазандағы      редакциясындағы      Республика
Конституциясының 75-бабының 2-тармағына сәйкес келмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң   «Қазақстан   Республикасының   Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының 36-бабы 1-тармағының      1)      тармақшасын      және      2,      3-тармақтарын,
31-33-тармақтарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.   Қазақстан     Республикасы     Конституциялық     Кеңесiнiң «Қазақстан          Республикасы          Конституциясы          4-бабының 1-тармағын,     14-бабының     1-тармағын,     77-бабы     3-тармағының
3)    тармақшасын,    79-бабының    1-тармағын    және    83-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы               № 3 қаулысы   ережелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 1-тармағын «алқа соты институтын» құру мәселесi бойынша ресми түсiндiру бөлiгiнде күшi жойылсын.
Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: Қазақстан       Республикасы       Конституциялық       Кеңесiнiң
1997   жылғы   6   наурыздағы   №   3   қаулысының   уәждеу   бөлiгi 7-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары;  Қазақстан       Республикасы      Конституциялық       Кеңесiнiң
1997  жылғы  6  наурыздағы  №  3  қаулысының  қаулы  алу  бөлiгiнiң
7-тармағы.
2.   Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей  мiндеттi  және  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
3.   Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.