«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2009 жылғы 11 ақпандағы № 1 Нормативтiк қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И.   Рогов,   Кеңес   мүшелерi   I.Ж.   Бақтыбаев,   Н.В.   Белоруков, А.Н.    Жайылғанова,    В.А.    Малиновский,    А.М.    Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан     Республикасы     Парламентi     Сенатының     өкiлi

–    Қазақстан    Республикасы    Парламентi    Сенатының   депутаты

С.Б. Ақылбайдың,

Қазақстан     Республикасы     Парламентi     Мәжiлiсiнiң     өкiлi

–    Қазақстан    Республикасы    Парламентi    Мәжiлiсiнiң    депутаты

С.Ғ. Темiрболатовтың,

Қазақстан    Республикасы    Үкiметiнiң    өкiлi    –    Қазақстан

Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтiң, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан

Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың, Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауiпсiздiк  комитетiнiң  өкiлi

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары Қ.Р. Әбдiқазымовтың,

Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  iстер  министрлiгiнiң  өкiлi

–  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  iстер  министрiнiң  орынбасары

Н.Б. Ермекбаевтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң өкiлi – Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың Басшысы В.А. Калюжныйдың,

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiн iстерi комитетiнiң төрағасы А.Д. Досжанның қатысуымен,

өзiнiң  ашық  отырысында  Қазақстан  Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне  дiни  сенiм  бостандығы  және  дiни  бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына       сәйкестiгi       тұрғысында       тексеру       туралы өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.В. Белоруковтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, сарапшылар –заң ғылымдарының докторы, профессор Т.Е.    Қаудыровтың, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.П.     Лупаревтiң,  заң ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Подопригораның қорытындыларымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң мамандары филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Жақыповтың және заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш.Орманованың  қорытындысымен,  сондай- ақ iс жүргiзудiң өзге де материалдарымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

 

АНЫҚТАДЫ:

 

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2008 жылғы 26 қарашада қабылдап, 2008 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентiне қол қоюға ұсынған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Конституциялық   Кеңесi туралы» 1995   жылғы   29   желтоқсандағы №  2737 Конституциялық заңының  17-бабы  2-тармағының 1)  тармақшасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  Президентi 2009 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне осы заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы өтiнiш жiбердi.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының конституциялығын тексеру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.

1. «Қазақстан   Республикасының   кейбiр   заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi – Заң) дiни сенiм бостандығына құқығын жүзеге асыруға және дiни бiрлестiктер мен топтардың қызметiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеудi күшейтуге бағытталған, бұл мемлекеттiң осы саланы заң арқылы реттеуге өкiлеттiгi тұрғысынан қарағанда әбден орынды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, адамның және азаматтың жеке де, ұжымдық та құқықтары  мен  бостандықтары  конституциялық  құрылысты  қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада шектелуi мүмкiн. Сол арқылы, Конституция заң шығарушыға мемлекет пен қоғамның айрықша қорғалатын мүдделерi мен құндылықтарына төнетiн қауiп-қатерге барабар құқықтық шаралар айқындау мүмкiншiлiгiн бередi азақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2005 жылғы 23 тамыздағы № 6 қаулысы ). Қаралып отырған өтiнiш нысанасына қатысты бұл, дiни қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн бiрлесу бостандығына құқығы және дiни нанымдарды тарату бостандығына құқығы   абсолюттi   болып   табылмайтынын   және   Конституцияға сәйкес заңнамалық жолмен шартталатынын бiлдiредiазақстан Республикасы  Конституциялық  Кеңесiнiң  2002  жылғы  4  сәуiрдегi

№ 2 қаулысы).

Мұндай көзқарас адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға  және  халықаралық  құқық  нормаларына,  атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1966 жылғы

16 желтоқсандағы 2200А (XXI) резолюциясымен қабылданған Азаматтық   және   саяси   құқықтар   туралы   халықаралық   пактiнiң (бұдан   әрi   –   Пакт)   қағидаларына   сәйкес   келедi.   2005   жылғы 28 қарашадағы № 91-III Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланып, Республика  Конституциясының  4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда қолданылатын құқықтың құрамдас бөлiгi болып  табылатын бұл халықаралық-құқықтық құжаттың 18-бабына сай, дiнге сену еркiндiгiн «қоғам қауiпсiздiгiн, тәртiптi, денсаулық пен имандылықты, сондай-ақ басқалардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн» заңмен шектеуге жол берiледi. Сол сияқты, Пактiнiң 19 және 22-баптарына сәйкес, кез келген ақпарат пен идеяларды тарату бостандығын қоса отырып, өз пiкiрiн еркiн бiлдiру құқығын, сондай-ақ қауымдасу (бiрлесу) бостандығына құқығын заң арқылы шектеу мүмкiншiлiгi көзделген.

Заңның 1-бабы 3-тармағының 5) және 9) тармақшаларын талдай отырып, Конституциялық Кеңес, олар мемлекеттiң, Конституцияның

1-бабының 1-тармағымен жария етiлген, дiннiң мемлекеттен бөлiнгендiгi және дiни бiрлестiктердiң заң алдында теңдiгi көзде ұсталатын зайырлы сипатынан туындайтын мемлекет пен дiни бiрлестiктердiң өзара қарым- қатынасының, сондай-ақ дiни тәрбие мен бiлiм берудiң принциптерiн баянды етедi, деп атап көрсетедi. Бұл нормалардағы шектеулер мен тыйым салулар, солардың iшiнде дiни экстремизм мен құқыққа қарсы өзге де iс-әрекеттердiң бой көрсетуiне салынатын тыйымдар, Негiзгi Заңның нормаларына (5, 12, 14, 20, 22, 34 және 39-баптар) негiзделген және мемлекеттiң жеке және заңды тұлғалар қызметiнiң шарттарын және олардың жауапкершiлiгiн Конституцияға сәйкес заңмен белгiлеу құзыретiмен байланыстырылған.

Қаралып   отырған   Заңның   қабылдану   рәсiмi   Республика

Конституциясының   ережелерiне   сәйкес  келедi.  Заң жобасын Негiзгi  Заңның  61-бабы  1-тармағының  негiзiнде бiр  топ  депутаттар заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiп, Парламент Палаталарының әрқайсысында өз кезегiмен қарау арқылы, Конституцияның 61-бабы 3-5-тармақтарының талаптарын сақтай отырып қабылданған.

2. Сонымен бiрге, жүргiзiлген талдау «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жекелеген нормалары Конституция ережелерiне сәйкес келмейтiнiн көрсеттi.

Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына  сай уәкiлеттi орган «Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк орган» деп айқындалады. Заңның 1-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес «күндiзгi рухани (дiни) бiлi