Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өтiнiшi бойынша, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң)

53-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2002 жылғы 25 мамырдағы № 569 қаулысымен бекiтiлген, Салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң 13-тармағының конституциялылығын тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2004 жылғы 15 сәуiрдегi № 2 қаулысы

 

Қазақстан       Республикасының       Конституциялық       Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ю.А. Пономаренко, Республика           Бас           Прокурорының           орынбасары

А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Әдiлет вице-министрi Ж.Қ. Асановтың,

Республика Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi төрағасының орынбасары Ә.Б. Базарбаеваның қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасы  Кодексiнiң  (Салық  кодексiнiң)  53-бабының 1-тармағын  және  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  2002  жылғы 25  мамырдағы  №  569  қаулысымен  бекiтiлген,  Салық  төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн салық берешегi есебiне сату жөнiнде мамандандырылған аукцион өткiзу ережесiнiң 13-тармағын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысын қарады.