Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы 1996 жылғы 1 шілдедегі ақпарат

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 1996 жылғы ақпан айында құрылды, кәзір қалыптасу сатысында. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының мүлтіксіз сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету, оның қағидаларын насихаттау жөніндегі шаралар туралы» Өкіміне сәйкес бізге елдегі конституциялық заңдылықтың жайы туралы ақпарат беру тапсырылды.

Осы айтылған мәселеге байланысты бұл ақпарат көбінесе Конституциялық Кеңестің өз жадығаттары негізінде емес, сауалға сәйкес келіп түскен басқа мемлекеттік органдардың деректері бойынша дайындалды. Ақпаратта осы деректердің кейбір талдауы және конституциялық заңдылықтың мәселелері бойынша Кеңестің кейбір ұсыныстары баяндалған.

Еліміздегі конституциялық заңдылықтың жайын сипаттайтын негізгі элементтердің бір республиканың қолданылып жүрген заң нормаларының 1995 жылғы тамыздың 30-да қабылдаған еліміз Конституциясының нормасына сәйкестігі туралы істің жағдайы болып табылады. Бұл мәселедегі істің жағдайын анықтай отырып, ел Конституциясы 92-бабының 4-тармағына сәйкес республикадағы қолданылып жүрген заңдар Конституция қабылдаған күннен бастап, екі жылдың ішінде Конституцияға сәйкестендірілуі тиіс.

Конституцияның 92-бабының 1-тармағына сәйкес аталған бапта белгіленген бір жылдық мерзім өткенге дейін Конституциялық заңдар Республика Президентінің аталған заң күші бар жарлықтары түрінде қабылданды. Олардың ішінде:

 
Республикалық референдум туралы;

Қазақстан Республикасының Президенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы;

Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер туралы;

Қазақстан Республикасы сайлау туралы;

Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы;

 

Конституцияда аталған басқа заңдар және бұрын қабылданған заңдарды конституциялық нормаларға сәйкестендіру еліміздін Парламенті мен Үкіметінің қарауында. Сөйтіп, Үкіметтің 1995 жылғы желтоқсанның 15-де №733 және 1996 жылғы ақпанның 26-да №254 қаулыларына сәйкес Үкімет тек 1996 жылға Парламент Мәжілісіне 74 заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр.

Олай болса, қоғамдық қатынастыр құқықтық тұрғыдан жана Конституцияға сәйкес реттеу процессі конституциялық нормаларға сәйкес жана заң актілерің жасау және қолданыстағы актілерді конституциялық нормаларға сәйкестендіру сатысында.

Конституцияға сәйкестендірілетін заң актілерінің ішіндегі ең маңыздысы және жеделі қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот жүргізу саласындағы актілер болып танылады.

Республика Жоғарғы Сотының материалдарын алып қарайтын болсақ, заңды күшіне енген сот үкімдері мен шешімдеріне қадағалау тәртібіне наразылық білдіру құқығы бар соттың және прокуратураның лауазымды адамдарының өкілеттігі туралы; сондай наразылықты қарайтын соттар туралы; дәлелдемелер жинайтын және іс бойынша шындықты іздеуді жүзеге асырушы соттардың міндеттері туралы Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу кодекстерінің (ҚІЖК және АІЖК) ережелері Конституцияның және соның негізінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар Президент Жарлығының нормаларына қайшы келетіндігін атап өткен жөн. Конституцияға және «Соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» Жарлыққа осы сияқты қайшылықтар Қазақстан Республикасының 1992 жылғы қандардың 17-гі «Шаруашылық дауларды Қазақстан Республикасының төрелік сотымен шешу тәртібі туралы» заңында да кездеседі.

Талапкерлердің, жауапкерлердің немесе жауапқа тартылған адамның келісімінсіз заңда көзделген соттылықты өзгерту мүмкін еместігі туралы заңмен көзделіп, 77-баптың 3-тармағында жазылған конституциялық нормаға барлық деңгейдегі соттардың істің соттылығын өзгертуге жоғарыда аталған адамдардың келісімінсіз өзгерту құқығы туралы ҚІЖК мен АІЖК-нің сондай баптары қайшы келеді.

Республиканың қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінде Конституцияның 16-бабындағы 2-тармақта белгіленген прокурордың қамауға алу санкциясын сотқа шағымдану құқығы туралы нормалар жоқ.

Жоғарғы соттың хабарлауы бойынша, Соттар Конституцияның адам құқықтары және заңды мүдделері қамтамасыз ету мақсатын көздейтін көптеген нормаларын іс жүргізу заңның қайшы келетін ережелерінің конституция нормаларына сәйкестендірілуің күтпей-ақ, тікелей қолдана береді.

Азаматтық сот ісін жүргізу аясында сәйкес келмеушіліктен басқа іс жүргізу заңдарына Конституцияға қайшылық бар, атап айтқанда, еңбек заңдарында. Айталық, 33-баптың 4-тармағында мемлекеттік қызметкердің жасы алпыстан, ерекше бір жағдайларда алпыс бестен аспау керек деп белгіленген. Әйтсе де, Еңбек туралы заң кодексіне шектеулі жасқа жету мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатудың негізі ретінде көзделмеген. Осындай қайшылық шектеулі жасқа жетті деген дәлелдер бойынша жұмыстан босатудың заңсыз екендігі туралы сотқа талаптардың түсуін туғызып отыр.

Жойылуына көп уақыт қажет етілетін, осы келтірілген қайшылықтарға сондай-ақ тез өзгеріп отыратын өмірде жана заң нормаларын қолдануға байланысты конституциялық және басқа заңдарды елімізде ресми түрде түсіндіру қажеттігі шұғыл пайда болып отыр.

Әйтсе де, республиканың қолданылып жүрген Конституциясы бұл маңызды жұмысты бірде-бір мемлекеттік органға берген жоқ. Қазақстанның бұдан әрі, 1977 және 1993 жылдардағы Конституциялары заңдардың ресми түрде түсіндірілуін Жоғарғы Кеңестің айырықша құзырына енгізіп қойды.

Конституциялық заңдылықтың жайын сипаттайтын келесі элемент мемлекеттік органдар практикасында билікті бөлудің конституциялық принципін сақтау болып табылады. Аталған конституциялық принциптің мемлекеттік органдар қызыметінің барысында бұзылғандығы туралы Конституциялық Кеңеске дерек түскен жоқ.

Дегенмен, ғылыми ортада және бұқаралық ақпарат құралдарында: аталған принцип республика соттарының жұмысын ұйымдық тұрғыдан қамтамсыз ету, оларды материалдар-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету және қаржыландыру жөнінен Әділет министрлігінің қызметінде бұзылмай ма екен деген сұрақ көтеріліп, талқыланданады. Бұл жерде мұнымен билікті бөлу принципі бұзылады деген аргумент ретінде мыналар келтіріледі:

Аталаған жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Әділет министрлігі атқарушы биліктің орталық органы ретінде соттармен (Жоғарғы соттан басқа) қарым-қатынаста ірі экономикалық құралды пайдалана отырып, олармен билік иесі және бағынушылық қатынастарда болды.

Тәуелсіз әділ соттың жүзеге асырылуы үшін, белгілі болғанындай, ең алдымен, тиісті материалдық жағдайлар қажет, ол қаржы ресурстарын бөлетін органға байланысты. Олай болса, жергілікті жерлердегі сот билігі атқарушы билік органдарына бағынышты екендігі көрініп-ақ тұр, әсіресе сот органдары тарапынан тежемелік тепе-тендік жүйесі болмаған жағдайда.

Осындай жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 80-бабының тармақтарының сақталуы құмән туғызады. Атқарушы билік органының судья корпусының кадрларын қалыптастыруға тікелей араласуы да билікті бөлу принципіне қайшы келеді, себебі, Конституцияның 82-бабында жарияланған әділет біліктілік алқасы дербес, тәуелсіз мекеме болып табылатындықтан шын мәнінде қоғамдық негізде жұмыс істейді, ал бұл алқаның жұмысын материалдық-техникалық, ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз етуді Әділет министрлігі жүзеге асырады «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялар мәртебесі туралы Президент Жарлығының 51-бабының 11-тармағы», аталған алқаның төрағасы Әділет министрінің бірінші орынбасары болып табылады.

Конституциялық Кеңестің пікірі бойынша, әділет министрлігі мен республика соттарына (Жоғары Соттан басқа) байланысты биліктерді бөліну принципінің сақталуы туралы мәселе өзінің конституциялық деңгейде, дұрыс та дәлелденген түрде шешілуін талап етеді.

Осы айтылғандарға байланысты атқарушы биліктің жүйесіне кірмейтін, кәзіргі Әділет министрлігінің сот органдарына байланысты ұйымдастыру міндеттерін атқаратын мемлекеттік құрылым құру туралы мәселені талқылап, зерттеу ұсынысы енгізіледі. Бұл жағдайда бұл құрылым қызметкерлерінің санын оларды Әділет министрлігінен ауыстыру есебінен құруға болады. Аталған мемлекеттік құрылым республиканың Жоғарғы Соты Кеңесінің Төрағасына бағынатын болады.

Сот әкімшілігі деп аталатын осындай орган Қырғыз Республикасында бар, оның құрылу тәжіребиесі оқып-зерттеп, қажет болған жағдайда пайдалануға болар еді. Мемлекеттік басқару органдарының конституциялық заңдылықтың жайын сипаттайтын актілерінің Конституция нормаларына сәйкестігі мәселесі бойынша жан-жақты баға беру үшін Конституциялық Кеңесте жеткілікті ақпарат жоқ. Біздің сауалымызға Әділет министрлігі өздеріне мемлекеттік органдардың Конституция нормаларына сәйкес келмейтін актілері түспегендігі туралы хабар береді.

Алайда, Бас прокуратураның 1995 жылғы және үстіміздегі жылдың I тоқсандағы мемлекеттік есебіне сәйкес тек республикалық басқару органдары бойынша 81 заңсыз құқықтық акт анықталған. Сөйте тұра, бұл заңсыз актілер қатарындағы конституциялық нормаларды бұза отырып, басылып шыққан республикалық органдардың актілерін статистика атап көрсетпеген.

Жергілікті жерлерде прокуратура органдары да мемлекеттік билік пен басқару аумақтық органдарының заңсыз құқықтық актілерінің көптеген санын тауып отыр. Бұл жерде статистика мынадай заң бұғышылықтың өсуі тенденциясының бар екендігін білдіреді: егер бүкіл 1995 жылда 1661 осындай акт болған болса, енді биылғы жылдың (1996) бірінші үш айының ішінде мұндай актілер 533 болған.

Тәртіп бойынша, жоғарыда көрсетілген заңсыз құқықтық актілер нормативтік емес, құқық нормаларын қолдану актілері болып табылады.

Конституциялық Кеңеске Жезқазған халық соты осындай бір акт жайлы, оны Конституциялық емес деп тану туралы өз өтінішінде хабарлаған болатын. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы желтоқсаның 29 «Жезқазғантүстіметалл акционерлік қоғамын мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың және оның қарыздарын өтеу шаралары туралы» № 1895 қаулысы, оған 1996 жылғы желтоқсанның 31-де аталған акционерлік қоғамның кредиторлық қарызын төлеуге арналған мораторий енгізілді.

Соттың пікірі бойынша, Үкіметтің бұл қаулысы меншіктің бүкіл түрінің теңдігінің конституциялық принципін бұза отырып қабылданған (Конституцияның 6-бабы) және ол шаруашылық жасаушы субьектілердің мүдделеріне айтарлықтай қысым жасайды.

Аталаған қаулыны конституциялық емес деп тану туралы Жезқазған қалалық сотының бұл өтінішін біз қарауға қабылдаған жоқпыз, себебі сот өтінішінің мазмұны Конституциялық Сотының құзырына жатпайды. Дегенмен, соттың және шаруашылық жасаушы субьектілердің бұл актінің заңды екендігін прокуратура және сот органдарына даулауына толық негіздер бар.

Елдігі конституциялық заңдылықтың маңызды аспектісі мемлекеттің және оның органдарының сыртқы саяси жұмысының Конституция нормаларына сәйкес келуі. Мемлекеттің сыртқы саяси жұмысы деген мағынаның бір түрі оның басқа мемлекеттермен жасайтын шарттары болып табылады.

Еліміз Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жариялау туралы Конституция талабының қаншалықты дәл орындалатындығы қолда бар деректер бойынша бағалау қиын. Әйтсе де, бұл мәселе жөнінде жалпы түсінік болу үшін ол бойынша кейбір фактілер келтіруге болады.

Республика Парламентінің Ақпараттық талдау орталығының деректеріне сәйкес тек қолданылып жүрген Конституция қабылданған күннен бастап, Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сесиясының жұмысы басталғанға дейінгі кезенде 20 халықаралық шарт бекітілген. Бірақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жарлығында кейбір шарттың тек мәтіндері ғана жарияланады және республикалық газеттерде мемлекет басшысының осы шартты бекіткен актілері жарияланды.

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының барлық мәтіні жарияланбайтын мұндай ережені Конституцияға сәйкес келеді деуге болмайды, бұл Ата Заңның 4-бабының төртінші тармағына тікелей қайшы келеді.

Егер республика жасаған халықаралық шарттардың Конституция нормаларына сәйкестігі туралы айтар болсақ, онда еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары дайындалу кезінде ұлттық заң нормаларына сәйкес келетіндігі жөнінен олар Әділет министрлігінде құқықтық сараптан өтеді. Халықаралық шарттардың сараптан өтуінің мұндай рәсімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жасалу, орындалу және күшін жою тәртібі туралы» заң күші бар Жарлығында бекітілген.

Республиканың кәзіргі кезенде жасасқан Халықаралық шарттарын талдай келіп, Сыртқы істер министрлігі республиканың жасасқан шартарында еліміз Конституциясының нормаларына ауытқу жоқ екендігін хабарлады.

Сенаттың Төрағасынан және Парламент Мәжілісінен республикалық халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкес келетіндігін қарау жөнінде Конституциялық Кеңеске өтініш түскен жоқ.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық өз міндеттерін орындау ретіндегі конституциялық заңдылықтың мұндай жағдайы өте маңызды, көлемді, бірақ, солай десек те, талдау және жан-жақты бағалау тұрғысынан алып қарағанда, әсіресе толық ақпараттың жетіспеуі жағдайында өте күрделі болып табылады. Конституцияның 72 бабына сәйкес, азаматтардың өтінішін қарау Конституциялық Кеңестің құзырына жатпайтындықтан, бұл мәселе бойынша біздің өз ақпаратымыз жоқ.

Сауал бойынша келіп түскен жадығаттар бұл мәселенің кейбір жақтарын жарым-жартылай ашуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын мемлекеттік тиісті органдары қамтамасыз етпейді деуге болмайды. Бірақ, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары азаматтардың аталған құқықтарын қамтамасыз етпейтіндігі, сөйтіп, Конституция нормалары мен және салалық заң актілерін бұзу фактілері де бар.

Аталған лауазымды адамдар тарапынан мұндай заң бұзушылықтар көбіне заңсыз актілерді басып шығару болып келеді. Айталық, мысалы Бас прокуратураның есеп беруі бойынша тек 1995 жылы және үстіміздегі жылдың І тоқсанында республика бойынша азаматтардың конституциялық және басқа құқықтарын бұзатын 4400-ден астам актілер шығарылған.

Мемлекеттік органдар тарапынан азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етпеуі бұл органлардың нақты бір іс-әрекеті немесе міндеттерді орындамау болып та келеді.

Айталық, мысалы, республиканың ІІМ-нің мәлімет бойынша, осы жүйенің медициналық мекемелерін үстіміздегі жылы тиісті органдар бар болғаны тек 40% қаржыландырған. Осы себепке байланысты бұл мекемелерде Конституцияның 29-бабының 2-тармағында көзделген, ақысыз кепілді медициналық көмек алу, 15-баптағы өмір сүру құқығы қамтамасыз етілмейді. ІІМ-нің деректері бойынша, бас бостандығынан айыру орындарында өкпе ауруларынан және басқа ауруларынан жыл сайын 1200-ден 2000-ға дейін адам өледі (1995 жылы – 2021 адам, үстіміздегі з айдын ішінде – 977 адам).

Қаржыландырудың жеткіліксіздігінен әлдің кейбір аймақтарында өндірісте болсын, басқа салаларда болсын екі, үш, кейде 9 ай бойы еңбекақы өз уақытында төленбейді, сөйтіп, қандай да болмасын кемсітусіз сыйақы алуға кепілдік беретін Конституциясының 24-бабының 2-тармағы бұзылады.

Азаматтардың, ұйымдардың құқығын қорғауға тиісті басқа мемлекеттік органдардың қызметіне тұрған үйге қол сұғылмайтындығы жөніндегі азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзу фактілері кездеседі. Өйткені 1995 жылдың ішінде және үстіміздегі жылдың үш ай ішінде республика бойынша заңды бұзып, прокурордың санкциясынсыз азаматтардың тұрғың үйін тінтудің 860 әрекеті анықталған.

Республикада азаматтардың конституциялық құқығы қамтамасыз етілмеу себептерінің бірі – мемлекеттік аппарат қызметінің жетілмегендігі кейбір мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігің, оның ішінде, құқықтық біліктілігің жеткіліксіздігі.

Конституциялық заңдылықтың талданған аспектісінің екінші жағы да бар, соған тоқталу қажет деп санаймыз. Азаматтардың әр-бір нақты құқығына мемлекеттің, оның нақты органының тиісті міндеті беріледі.

Егер біз жоғарыда мемлекеттік органдар азаматтардың құқығын қалай қамтамасыз ететіндігін жалпылама талдаған болсақ, ендігі мәселе азаматтар өзінің конституциялық міндеттерін қалай орындайтындығы туралы болмақ.

Мысалы, Конституцияның 34-бабы азаматтардың республика Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адамдардаң құқықтарын, бостандығын, абыройы мен ар-намысың сыйлауға міндетті. Осы конституциялық норманы республика азаматтары шын мәнінде қалай орындайтының құқық қолдану органдарының, соның ішінде ІІМ-нің, МТК-нің, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың және Әділет министрдігінің статистикалық деректерінен көруге болады. Егер тұрмыстағы қылмыс пен жеке адам құқығын, бостандығын, абыройы мен ар-намысың бұзылуы денгейінің азаймауы фактілері бойынша қарайтын болсақ, онда конституциялық заңдылықтың бұл саласындағы еліміздегі жағдай көнілдегідей деуге болмайды.

Құқықбұзу статистикасы, оның талдауы азаматтардың өз конституциялық міндеттерін орындамау жағдайын кеңірек түсінуге мүмкіндік берер еді, мысалы, заңды түрде белгіленген салықтардың, адамдар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төленуі (Конституцияның 35-бабы), Қазақстан Республикасын қорғау (Конституцияның 36-бабы), тарихи және мәдени мұралардың сақталуы туралы қамқорлық сияқты. Бірақ бұл мәселе жөніндегі статдеректердің толық талдауы бұл аппараттың құзырына жатпайды.

Бұл жерде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз міндеттерін, ал азаматтардың өз конституциялық міндеттерін орындамауы себептерінің маңыздысың бірін атағанда қажет деп санаймыз. Бұл себеп лауазымды адамдардың, қатардағы азаматтардың құқықтық мәдениетінің төмендігіне, Конституция мен елдің заңдарын білмеуінде. Соған байланысты, Қазақстан Республика Президентінің 1995 жылғы шілденің 21-гі «Қазақстан Республикасындағы жалпы бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысының орындалуы жандандыруды және оның іске асырылуын бақылауды күшейтуді ұсынамыз.

Қорыта келгенде, конституциялық Кеңестің жоғарыда баяндалған ұсыныстарын қайталауды қажет деп санаймыз:

1. Заңдарды ресми түрде түсіндіру жұмысын жүзеге асыратын елдің тиісті түрдегі мемлекеттік органын белгілеу.

2. Билікті бөлудің конституциялық принципін қамтамасыз ету мақсатында соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды атқарушы билік жүйесіне кірмейтін арнайы мемлекеттік органға жүктеу туралы мәселе қарау.

3. Мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың жұмыс нәтижелерін бағалау кезінде конституциялық заңдылықтын және жалпы құқықтық мәдениеттің сақталу деңгейі ескерілсін.

Қазақстан Республикасы 
Конституциялық Кеңестің 
Төрағасы                                                                                              Ю. Ким