«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің

2011 жылғы 31 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңесь мүшелері І.Ж. Бақтыбаев, Н.В. Белоруков, А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р.Т. Түсіпбековтің,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің хатшысы С.Б. Ақылбайдың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Р.Ж. Мұқашевтың,

Қазақстан     Республикасы     Жоғарғы     Сотының     Төрағасы М.Т. Әлімбековтің,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О. Шәкіровтің,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан   Республикасы   Орталық   сайлау   комиссиясының өкілдері - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовтің және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сәрсембаевтың,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер  министрлігінің  өкілі

-  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасары Қ.Е. Омаровтың қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы       -       Конституциялық       Кеңестің       мүшесі В.А.  Малиновскийдің  хабарлауын,  отырысқа  қатысушылардың, сондай-ақ «Құқықтық зерттеулер және талдау институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.Қ. Ғұсмановтың, Қазақстанның   Адвокаттар   одағының   президенті   Ә.Қ.   Түгелдің, «Адам құқықтары үшін хартия» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Ж.Ө. Тұрмағамбетованың  сөйлеген       сөздерін тыңдап,  сарапшылар  мен  мамандардың:  заң  ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Е.М.   Абайділдиновтің;   заң   ғылымдарының   докторы,   профессор, «Мемлекет және құқық» журналының бас редакторы, Ресей Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас ғылыми қызметкері А.С. Автономовтың; заң ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі С.К.Амандықованың; заң ғылымдарының докторы,«Тұран»университеті заңтану   және   халықаралық   құқық   кафедрасының   профессоры Э.Б. Мұхамеджановтың; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Н. Сәбікеновтің; жаңа технологиялар мен процестер бойынша тәуелсіз сарапшы, профессор                       Ш.С. Төлбайдың; заң ғылымдарының докторы, Қазақ    гуманитарлық-заң    университетінің    профессоры С.Ф. Ударцевтің; Бремен университетінің профессоры Р. Книпердің және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының Қазақстандағы құқықтық бағдарламасының басшысы Й.Пудельканың (Германия) қорытындыларын зерделеп; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық институтының және осы университеттің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің; Қазақ гуманитарлық-заң университетінің; «Заңгерлер - әділетті сайлау үшін» Республикалық  қоғамдық  бірлестігінің  қорытындыларымен;  сондай- ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

 

АНЫҚТАДЫ:

 

«Қазақстан    Республикасының    Конституциясына    өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламенті 2011 жылғы 14 қаңтарда қабылдап, сол күні Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынды.

Қазақстан      Республикасы      Конституциясының      72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесі  туралы»  Конституциялық  заңының  17-бабы                  2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті бұл Заңды Республиканың Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жолдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) конституциялығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

1. Тәуелсіз  жаңа  мемлекет  -  Қазақстан  Республикасының негізін қалаған, мемлекеттің бірлігін, Конституцияның, адамның және азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары  қорғалуын  қамтамасыз