Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының

4-тармағын ресми түсiндiру туралы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң

2006 жылғы 14 сәуiрдегi № 1 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға  И.И.  Рогов,  Кеңес  мүшелерi  Х.Ә.  Әбiшев,  Қ.Ж.  Балтабаев, Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн  реттеу  агенттiгiнiң төрағасы Ә.К. Арыстановтың және Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Қ.Н. Келiмбетовтың,

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары

Р.С. Жошыбаевтың,

Қазақстан   Республикасы   Парламентi   Мәжiлiсiнiң   өкiлдер–   Қазақстан   Республикасы   Парламентi   Мәжiлiсiнiң   депутаттары А.М. Жамалов пен М.Б. Тiнiкеевтiң,

Қазақстан     Республикасы     Жоғарғы     Сотының     өкiлдер–     Қазақстан     Республикасы     Жоғарғы     Сотының     судьялары Ж.Н. Бәйiшев пен А.Н. Жайылғанованың,

Қазақстан     Республикасы     Бас     прокуратурасының     өкiл–    Қазақстан    Республикасы    Бас    Прокурорының    орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасының Премьер- Министрi Д.К. Ахметовтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашының – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованың хабарламасын, өтiнiш   субъектiсi   өкiлдерiнiң   және   отырысқа   қатысушылардың, сондай-ақ   сарапшылардың  –  Қазақстан   Республикасы    Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Жеке құқық ғылыми-зерттеу   институтының   директоры   М.К.   Сүлейменовтың, заң   ғылымдарының   докторы,   профессор,   Абай   атындағы   Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң ғылыми жұмыс жөнiндегi проректоры  Б.Х.  Төлеубекованың  сөйлеген  сөздерiн  тыңдап  және заң ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң ректоры Е.Қ. Көбеевтiң қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан  Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2006 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң   Қазақстан  Республикасы   Конституциясының 75-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi, онда мынадай сұрақтар қойылған:

«1. Көрсетiлген конституциялық нормада арнаулы сот деп не ұғынылады?

2.   Конституцияның    75-бабы    4-тармағының    контексiндегi

«арнаулы сот» пен «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Конституциялық заңда көзделген «мамандандырылған сот» ұғымдары арасындағы айырмашылық қандай?»

Конституциялық   Кеңестiң   отырысында   өтiнiш   субъектiсiнiң өкiлi, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы  Конституциялық  заңының  21-бабы 2-тармағының 4) тармақшасымен және 3-тармағының 1) тармақшасымен көзделген құқығын пайдалана отырып, Конституциялық Кеңестiң мынадай қосымша сұраққа жауап беруi туралы өтiнiшiн мәлiмдедi: «Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзген «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан     Республикасы     заңдары     жобаларының     контексiнде Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының мамандандырылған сотының негiзгi сипаттамалары Қазақстан Республикасының Конституциясынан    келiп    туындайтын    қандай    талаптарға    сай келуге тиiс?»

Бұл өтiнiштi Конституциялық Кеңес iшiнара қанағаттандырды. Өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң келiсiмiмен, бұл сұрақ мынадай редакцияда қарауға қабылданды: «Қазақстан Республикасының мамандандырылған соттары Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарынан келiп туындайтын қандай негiзгi сипаттарға ие болуға тиiс?»

Отырыста анықталғанындай, көрсетiлген қаржы орталығына қатысушылардың дауларын қарайтын соттың құрылуы мен қызметi мәселелерiн регламенттейтiн «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңдар жобаларының нормаларына қатысты Конституцияның 75-бабы 4-тармағының ережелерiн бiркелкi түсiнудiң болмауы Конституциялық Кеңеске жүгiнуге себеп болған.

Қазақстан    Республикасы    Конституциясының 75-бабының 4-тармағын ресми түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алды.

1. Негiзгi  Заңның  75-бабының  1-тармағы  «Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады», – деп белгiлейдi. Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулысына сай, бұл конституциялық норма мемлекеттiк билiктiң сот тармағын бiлдiретiн органдар ретiнде соттар ғана сот төрелiгiн жүзеге асыратындығын бiлдiредi. Бұл ретте, Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен  белгiленетiн  Республиканың  бiрыңғай сот жүйесiне кiретiн, заңмен құрылған Жоғарғы Сот және жергiлiктi соттар Республиканың  соттары  болып  табылады  (Конституцияның

75-бабының 3 және 4-тармақтары).

Негiзгi Заңның 75-бабы 3-тармағының және 82-бабының ережелерi соттардың үш деңгейлi жүйесiн және оның құрылымына қойылатын жалпы талаптарды айқындайды: Жоғарғы Сот, облыстық және  оларға  теңестiрiлген   соттар,   «Қазақстан   Республикасының сот  жүйесi   мен   судьяларының   мәртебесi   туралы»   2000   жылғы

25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық заңға (бұдан әрi – Конституциялық заң) сәйкес басқа соттар дегенде түсiнетiн аудандық және оларға теңестiрiлген соттар.

Негiзгi  Заңның  «Соттар  және  сот  төрелiгi»  деп  аталатын VII бөлiмiнiң нормаларын дамыта және нақтылай түсетiн Конституциялық заңның 4-бабында, Қазақстанның сот жүйесiнiң бiрлiгi:

1)   барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;

2)   сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан    Республикасының    барлық    соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;

4)   заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;

5)   заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;

6)   барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi, деп бекiтiлген.

Конституцияның 75-бабының 4-тармағында «қандай да бi