Қазақстан Республикасы Конституциясының

62-бабы 8-тармағының және 83-бабы 1-тармағының нормаларын ресми түсіндіру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2013 жылғы

6 наурыздағы № 1 қаулысы.

 

ҚР       Конституциялық       Кеңесінің       17.04.2017       жылғы

№ 2 нормативтік қаулысымен осы қаулының дәлелдеу және қарар бөлігіндегі жекелеген ережелері алып тасталынды.

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов,    Кеңес    мүшелері    І.Ж.Бақтыбаев,    Н.В.    Белоруков, А.Н. Жайылғанова, В.А. Малиновский, А.М. Нұрмағамбетов, қатысқан құрамда, мыналардың:

өтініш субъектінің өкілі – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдинаның,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы   Парламенті   Сенатының   Конституциялық   заңнама, сот   жүйесі   және   құқық   қорғау   органдары   комитетінің   хатшысы Л.Г. Полторабатьконың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Қ. Сәрпековтің,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б. Ақ-қуованың,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Қ. Асановтың,

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмриннің,

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) өкілі – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) аппаратының басшысы С.Ғ. Темірболатовтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың қатысуымен, өзінің     ашық     отырысында     Қазақстан     Республикасының

Премьер-Министрі     С.Н.     Ахметовтің     Қазақстан     Республикасы Конституциясының      62-бабы      8-тармағының      және      83-бабы 1-тармағының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы       –       Конституциялық       Кеңестің       мүшесі В.А. Малиновскийдің хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар  факультеті  халықаралық  құқық  кафедрасының профессоры З.К. Аюпованың, заң ғылымдарының докторы, Каспий қоғамдық     университетінің     профессоры     Р.А.     Подопригораның, Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  (Мемлекет  және құқық институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Сәлімгерей, Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Ж.О. Битабарова), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (заң ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Ж.Д. Бұсырманов), Қазақ гуманитарлық- заң университеті (конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Жұмаділова, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.А. Шәкенов, Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми- зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ф. Ударцев), Д.А. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университеті (заң ғылымдарының докторы, профессор Ө.Қ. Қопабаев және заң ғылымдарының докторы Қ.К. Айтхожин) мамандарының қорытындыларымен, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан        Республикасы        Конституциялық        Кеңесіне

2013 жылғы   6   ақпанда   Қазақстан   Республикасының   Премьер- Министрі С.Н. Ахметовтің Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште мынадай сұрақтар қойылған:

«1)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  62-бабының 8-тармағында және 83-бабының 1-тармағында көзделген «өзге де нормативтік құқықтық актілер», «басқа да құқықтық актілер» деген ұғымдардың конституциялық мазмұны қандай. «Құқықтық актілер» ұғымы нормативтік құқықтық актілерді қамтиды ма?

2)    Қазақстан    Республикасы    Конституциясының    62-бабы 8-тармағының нормасы, Конституцияның осы нормасында жазылған мәселелер арнаулы заңның нормативтік құқықтық актілерге ғана қатысты нысанасы бола алатынын, не нормативтік болып табылмайтын құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау тәртібін реттейтін нормаларды енгізу арқылы арнаулы заң нысанасының шеңберін кеңейтуге болатынын білдіре ме?

3)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  62-бабының 8-тармағында көрсетілген Республиканың заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңның құқықтық реттеуінің толық нысанасы болып табылады ма?».

Негізгі Заңның қаралып отырған нормаларын түсіндіру кезінде, Конституциялық Кеңес өтініште қойылған сұрақтарға қатысты мынаны негізге алды.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясында «өзге де нормативтік құқықтық актілер» және «басқа да құқықтық актілер» ұғымдарының мазмұны ашылмайды. Конституцияның бұл ұғымдар пайдаланылатын 62-бабы 8-тармағының және 83-бабы 1-тармағының мағынасы мен мазмұнын, қаралып отырған өтініш нысанасымен байланысты басқа да бірқ