Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 18/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 2017.04.17 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен осы. қаулының жекелеген ережелері алып тасталды.

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.ДБұсырманов, А.Е. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негiзiнде өзiнiң ашық отырысында Республика Үкiметiнiң өкiлi – Әдiлет министрi Б.Ә. Мұхамеджановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының

7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Баяндамашыларды - Конституциялық Кеңестiң мүшелерi В.Д. Шопиндi, А.К. Котовты және өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiн тыңдап, қолда бар материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1999 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште мынадай мәселелер қойылған едi:

1. Парламенттiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы дегенде ненi түсiну керек? Егер, заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдау немесе оны қабылдамай тастау туралы депутаттардың ұсыныстары дауыс беруде қажеттi дауыс санын ала алмаса, онда ол қабылданбады деп есептеле ме?

2. Егер Конституцияның 61-бабының 7-тармағында дауысқа салу аталған мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiлуi көзделген болса, Үкiметке сенiм бiлдiру туралы Премьер-Министр қойған мәселенi Парламенттiң қарап шығуы мерзiмiнiң шегi қандай?

3. Конституцияның 53-бабының 7) тармақшасындағы «әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрiледi» деген сөздерде не түсiнiк бар және егер «Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы» Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 16 мамырдағы № 11/2 қаулысына сәйкес олардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстерге қатыссыз жарамды деп танылса, Сенат депутаттарының жалпы саны қалай есептеледi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын түсiндiруде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталардың бiрлескен отырысында Үкiмет енгiзген заң жобаларын қабылдауының тәртiбi Конституцияның 62-бабының 1,5 және 7-тармақтарында белгiленген. Олар Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Бұл ретте Үкiмет енгiзген заң жобалары бойынша Парламент Палаталарының бiрлескен отырысындағы оқылымдар санын Конституция шектемейдi, бiрақ Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында тиiстi заңдарды қабылдау немесе оларды қабылдамай тастау түрiнде заң жобаларын нәтижелi талқылау қорытындысын бiржақты көзде тұтады.

Егер Қазақстан Республикасының парламентi заң жобасын Палаталардың  бiрлескен  отырысында талқылауға кiрiскен болса, онда ол бойынша әрбiр Палата депутаттарының көпшiлiк дауыс ала алмаған мұндай дауыс беруi Парламенттiң қорытынды шешiмi деп есептеле алмайды. Парламенттiң заң жобасын «қабылдануға да», «қабылданбауға да» де қажеттi көпшiлiк дауыс ала алмаған қаулысы конституциялық қабiлеттi деп таныла алмайды.

Бұдан «Парламенттiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы» туралы қағиданы түсiндiру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын парламент депутаттарының қаралып отырған заң жобасымен жалпылай келiспеушiлiктерiн бiлдiруi және оны тиiсiнше қабылдамай тастауы деп түсiну керек. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Регламентiнiң 35 тармағы «талқылау нәтижелерi бойынша Парламенттiң заң жобасын бiрiншi оқылымында мақұлдау және оны екiншi оқылымына дайындау немесе оны қабылдамай тастау туралы қаулы қабылдауын» көзде тұтқан.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сай Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Премьер-Министр Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қойған жағдайда, ол бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Конституциялық нормадан, Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенiң ол енгiзiлген дәл сол бiрлескен  отырыста қаралуы керек  екендiгi келiп шығады. Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап конституциялық нормамен жiберiлетiн уақыт Парламент депутаттарының өз ұстанымдарын өлшей отырып жасап шығаруына арналған. Белгiленген қырық сегiз сағат бiткен соң Парламент бұл мәселенi кейiнге қалдыра алмайды және өзiнiң ерекше конституциялық маңыздылығына байланысты ол жедел түрде шешiлуге тиiс. Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi бұлай шешудiң тәртiбi бұл институт көзделген елдердiң конституционализмдiк тәжiрибесiне сай келедi.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы  3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру ретiнде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДi:

 

1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Үкiмет енгiзген заң жобасын қабылдамауы дегенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында дауысқа салынған заң жобасы Конституцияда көзделген әр Палата депутаттарының оны қабылдау үшiн көпшiлiк даусын ала алмады деп түсiну керек.

Егер дауыс бергенде депутаттардың заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдау немесе қабылдамай тастау туралы ұсыныстары қажеттi дауыс санын ала алмаса, онда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмi заңды деп есептелмейдi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағына сәйкес Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға әкелiп соқтырмайды.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағы Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру бойынша дауыс беру жедел түрде, Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлегендей сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағат бiткеннен кейiн жүргiзiледi дегендi бiлдiредi.

3. алып тасталды - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2017 жылғы

17 сәуірдегі № 2 Нормативтік қаулысымен;

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.