Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1999 жылғы 3 қарашадағы № 19/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы

3-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрi  Кеңсесiнiң Құқықтық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Ж.К. Сүтемгенованың, Қазақстан Республикасы  Парламентi  Сенатының өкiлi – депутат Б.Г. Жүсiповтiң қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы 1999 жылғы 30 қыркүйектегi өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi А. Есенжановтың баяндамасы мен конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың сөздерiн тыңдап және сарапшылардың - заң ғылымдарының докторы А.Г. Диденконың және заң ғылымдарының докторы М.К. Сүлейменовтiң қорытындыларымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Өтiнiште сондай-ақ мынадай мәселелер қойылған:

1. Конституцияның жоғарыда аталған нормаларының құқықтық мазмұны мемлекеттiк меншiктiң құқықтық тәртiбi ерекшелiктерiн заңмен баянды ету құқығын, атап айтқанда, мемлекеттiк мекемелердiң құқық субъектiлiгiн шектеудi бiлдiре ме?

2. Конституцияның аталған нормалары мемлекеттiк мекемелердiң оларды қаржы жұмсауда шектеу және олардың бекiтiлген смета шегiндегi жауапкершiлiгi, азаматтық-құқықтық келiсiмдердi тiркеуден өткiзуi секiлдi құқықтық жағдайының ерекшелiктерiн заңда көзде тұтуға мүмкiндiк бере ме?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Аталмыш конституциялық ереже Қазақстан Республикасында мемлекет меншiктiң ек