Қазақстан Республикасы Конституциясының

52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы

2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы

2-тармағын ресми түсiндiру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты С.Ә. Әбдiрахмановтың,

Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Е.Ә. Әбiлқасымовтың, В.Я. Земляновтың және В.Н. Котовичтiң, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К. Фосовтың,

Республика Әдiлет вице-министрi Р.Ш. Шамсутдиновтiң,

сарапшылар: Республика IIМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидiң және Қаржы полициясы академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч. Қоғамовтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Х.Ә. Әбiшевтi, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiш жасады. Өтiнiш субъектiсi Конституцияның осы аталған баптарының нормаларын мынадай мәселелер тұрғысынан түсiндiрудi сұрайды:

1) Конституция нормаларында жазылған «ауыр қылмыстар» деген сөздердi тиiстi кезде қолданыста болған Қылмыстық кодекстегi қылмыстың анағұрлым ауыр санаты ретiнде түсiну керек пе;

2) Конституцияның 15-бабының 2-тармағында жазылған «аса ауыр қылмыстар» деген ұғымды ауыр қылмыстар iшiндегi жасалғаны үшiн қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес айрықша ауыр өлiм жазасы тағайындалу мүмкiн қылмыстар тобы ретiнде түсiну керек пе;

3) Конституцияның аталған нормалары қол сұғылмаушылығы Конституцияда баянды етiлген, бұрын қылмыстық жауапқа тартылған және ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша тұтқынға алынған адам әрекетiнiң саралануы өзгерген жағдайда тиiстi органдардың мiндеттi түрде келiсiм беруiн көздей ме.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты ресми түсiндiрген кезде Конституциялық  Кеңес мынаны ескердi.

 1. Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы 5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының, 83-бабы 3-тармағының және 15-бабы 2-тармағының нормаларынан қылмыстың ерекше ауыр және ауыр қылмыс болып бөлiнетiнi келiп шығады. Бұл аталған санаттардың ұғымын топтастыру және айқындау қылмыстық заңнама аясына жатқызылған.

Жоғарыда аталған конституциялық нормалардан келiп шығатыны, бұларда көрсетiлген санаттардың iшiнде ерекше ауыр қылмыс қоғамдық қауiптiлiктiң ең жоғары дәрежесiне ие.

Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы 5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының нормалары, ауыр қылмыс жасалған ретте тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiн алу қажет емес деп белгiлейдi.

«Ауыр қылмыс» санатының атап өтiлуiн қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн белгiлеу деп түсiну керек, бұл, егер тұлға ауыр қылмысқа қарағанда жеңiлдеу қылмыс жасаған жағдайда, тиiстi органдардың келiсiмi болуы мiндеттi екенiн, және, керiсiнше, ауыр қылмыс және ең қауiптiсi – ерекше ауыр қылмыс жасаған кездердiң бәрiнде келiсiмнiң қажет еместiгiн бiлдiредi.

2. Конституцияның 15-бабы 2-тармағын түсiндiрген кезде оның мағынасын және бұл норманың Конституция құрылымындағы мәтiнiн ескерген жөн.

Конституцияның «Адам және азамат» деген II бөлiмiнде орналасқан 15-баптың 2-тармағында, ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм жасау туралы арыздану құқығы берiледi, деп белгiленген.

Ең ауыр жаза жөнiндегi норманы шектемелi деп санаған жөн, өйткенi ол ауырлығы басқа дәрежедегi қылмысқа емес, тек ерекше ауыр  қылмысқа  ғана  қолданылады.  Өлiм  жазасы  тағайындалуы мүмкiн ерекше ауыр қылмыстың нақты құрамын қылмыстық заңнама айқындайды. Бұл ретте ерекше ауыр қылмыс үшiн заңда өлiм жазасынан басқа да жаза белгiленуi мүмкiн.

3. Қол сұғылмаушылығы Конституцияме