Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы

5-тармағын, 51-бабы 5-тармағын, 52-бабының

4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 11 ақпандағы № 1 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiРеспублика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты С. Әбдiрахмановтың,

Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К. Фосовтың,

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,

Республиканың Әдiлет вице-министрi Р.Ш. Шамсутдиновтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық  Кеңестiң  мүшесi Қ.Ж. Балтабаевты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне жүгiндi. Өтiнiш субъектiсi мынадай мәселелердi түсiндiрудi сұрайды:

1) Конституцияда  Парламент  депутаттарының  өкiлеттiк мерзiмiнiң басқадай тұрғыдан қарастырылмағандықтан, депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiн Республика Конституциясының 51-бабының 5-тармағына сәйкес депутаттыққа кандидат сайланған болып есептелетiн кезден бастап есептеу керек пе.

2) «кандидат сайланған болып есептеледi» деген тiркес, Республика Конституциясының 73-бабының 1-тармағына сәйкес тiркеу тоқтатыла тұратын жағдайды қоспағанда, сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн дереу тiркеу қажеттiгiн бiлдiре ме.

3) Республика Конституциясының 50-бабының 5-тармағындағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiбес жыл деген жазба депутаттардың кезектi сайлауын өткiзгеннен кейiнгi ғана өкiлеттiк мерзiмiнiң мөлшерiн бiлдiре ме. Конституция кезектен тыс сайлауда сайланған депутаттар үшiн өкiлеттiк мерзiмiнiң қысқа болуын көздей ме. Кезектi сайланым басында және оның барысында Республика Президентi тағайындаған Сенат депутаттары өкiлеттiгiнiң мерзiмi қалай анықталуға тиiс.

4) Республика Конституциясының 52-бабының 4-тармағында жазылған норма Парламент депутаты өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн депутаттың өкiлеттiк мерзiмi кезiнде жасаған әрекеттерi үшiн Палатаның келiсiмiнсiз тиiстi жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екендiгiн бiлдiре ме.

5) Республика Конституциясының 52-бабының 5-тармағындағы «мандат» деген сөз сайлау қорытындыларының көрiнiсi және сайлаушылардың депутатқа тиiстi өкiлеттiк беруi дегендi бiлдiре ме.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты түсiндiрген кезде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы, Сенат депутаттары үшiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттары үшiн – бес жыл өкiлеттiк мерзiм белгiлей отырып, депутат өкiлеттiгiнiң басталу мерзiмiн көрсетпейдi.

Бұл  жағдайды шешкен кезде Конституцияның 49-бабының 4-тармағын басшылыққа алу керек, бұл бапқа сәйкес Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.

Конституцияның бұл нормасына сәйкес заң шығарушы «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының

24-бабының 2-тармағында, Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады, деп белгiлеген.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы» Республика Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi қаулысында, Парламенттiң алқалы мемлекеттiк орган ретiндегi өкiлеттiгi өзiнiң ұзақтығы жағынан өз депутаттарының өкi</