Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

1999 жылғы 29 қарашадағы № 24/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiм субъектiсiнiң өкiлi С.Ғ. Темiрболатовтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасы Ө. Байгелдiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы  2-тармағын,  95-бабы  1-тармағын  ресми  түсiндiру  туралы өтiнiмiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарымен таныса келе, баяндамашылар Қ.Ә. Омарханов пен В.Д. Шопиннiң хабарламасын, өтiнiм субъектiсi өкiлiнiң сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Конституциялық Кеңеске 1999 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағына, 51-бабы 2-тармағына, 95-бабы 1-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы өтiнiмi келiп түстi.

Бұл орайда өтiнiм субъектiсi, Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыратынын негiзге алып, және Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының жартысы 1997 жылғы 8 қазанда төрт жыл мерзiмге сайланғанын, ал Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының екiншi жартысы 1999 жылғы 17 қыркүйекте алты жыл мерзiмге сайланғанын ескере отырып, жоғарыда аталған конституциялық нормалар өзара қалай үйлесетiнiн анықтауды сұрайды.

Жиналған материалдарды зерделеп және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негiзге алады.

Республика Конституциясының 50-бабының 5-тармағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн – бес жыл деп белгiлейдi. Республика Конституциясының 51-бабының 2-тармағында Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыратыны көзде тұтылған. Келтiрiлген конституциялық нормалар жаңадан (екiншi) сайланған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қолданылады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 1/2 қаулысына сай, 1998 жылғы 7 қазандағы редакциясындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағымен белгiленген Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiк мерзiмдерi б