Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 14 шiлдедегі № 13/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, А. Есенжанов, А.К. Котов, В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiм субъектiлерiнiң өкiлдерi– Сенат депутаты С.Г. Темiрболатов және Мәжiлiс депутаты Н.С. Каптильдiң қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсi Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiмiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы– Конституциялық Кеңестiң мүшесi В.Д. Шопиннiң хабарын, өтiнiм субъектiлерi өкiлдерiнiң сөздерiн тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 1999 жылғы 22 маусымда Парламент Сенаты Төрағасы Ө. Байгелди мен Парламент Мәжiлiсi Төрағасы М. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiмi келiп түстi. Өтiнiмде сондай-ақ  көрсетiлген норманы түсiндiруде мынадай: 1) бiрiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының төрт жылдық өкiлеттiк мерзiмiнiң басталуы мен аяқталуы туралы; 2) екiншi шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде, яғни сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, шақыруға құқылы ма деген сұрақтарға жауаптар беру туралы өтiнiш орын алған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабы 2-тармағы нормасының мазмұнын талдауда Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

Республика Конституциясының 49-бабының 2-тармағымен: «Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталуы» белгiленген. Осылайша, Конституцияның 49-бабының 2-тармағы заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сол мерзiм iшiнде Конституциямен өзiне жүктелген өкiлеттiктердi орындайтын мерзiмнiң бастапқы және соңғы сәттерiн белгiлейдi.

Осы конституциялық нормаға сәйкес бiрiншi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiктерi оның бiрiншi сессиясы ашылған күннен – 1996 жылғы 30 қаңтардан басталған, ал жаңадан (екiншi) шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталуға тиiс. 1995 жылғы редакциядағы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сай бiрiншi шақырылған Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмi төрт жылдан тұрады.

Парламенттiң алқалы мемлекеттiк орган ретiндегi өкiлеттiгi өзiнiң ұзақтығы жағынан өз депутаттарының өкiлеттiктерiмен түгелдей сәйкес келмейдi, себебi Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты депутаттарының өкiлеттiктерi «Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының  2-тармағына сай Орталық сайлау комиссиясы оларды Парламент депутаттары ретiнде тiркеген сәттен басталады. Мәселен, 1995 жылғы 9 желтоқсанда сайланған Мәжiлiстiң 29 депутаты 1995 жылғы 16 желтоқсанда тiркелген, қайта дауыс беруде сайланған 33 депутат 1995 жылғы 29 желтоқсанда тiркелген. Келтiрiлген деректер депутаттар өкiлеттiктерiнiң бiр уақытта басталмайтындығына куә болады.

Бiрiншi шақырылған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының және Сенат депутаттарының бiр бөлiгiнiң өкiлеттiктерi Республиканың өкiлдi органы ретiнде Парламент өкiлеттiгiмен бiр уақытта – жаңадан шақырылған Парламенттiң бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, Парламент  сессияларын өткiзу үшiн «Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 7-бабында белгiленген кворум болғанда шақырады.

Конституцияның 59-бабы 2-тармағының, «Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 2-тармағында да қайталанған нормасы императивтi болып табылады, Республика Президентi Парламенттiң бiрiншi сессиясын көрсетiлген мерзiмде шақыруға мiндеттi дегендi бiлдiредi.

Республика Конституциясының 51-бабының 1-тармағы Мәжiлiс депутаттарының кезектегi сайлауы Парламенттiң жұмыс iстеп тұрған сайланымының өкiлеттiк мерзiмi аяқталуға кемiнде екi ай қалғанда өткiзiлуiн белгiлейдi. Парламент депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарлауды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық  заңының 44-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiз