Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының

1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2005 жылғы 19 тамыздағы № 5 қаулысы

 

Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Кеңесi, Төраға  И.И.  Рогов,  Кеңес  мүшелерi  Х.Ә.  Әбiшев,  Қ.Ж.  Балтабаев, Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi

Мәжiлiсiнiң депутаты В.Н. Котовичтiң;

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың; Қазақстан  Республикасы Бас  Прокуратурасының өкiлi – Қазақстан  Республикасы Бас  Прокурорының    орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың;

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi B.К. Фоостың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының  1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Конституциялықiсжүргiзуматериалдарынзерделеп,баяндамашы

– Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованың хабарламасын, өтiнiш субъeктici өкiлiнiң  және отырысқа қатысушылардың, сондай-ақ сарапшылардың – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор,    Қазақ    гуманитарлық-заң    университетiнiң    мемлекет және   құқық   теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi М.Т. Баймахановтың, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл- Фараби атындағы Қазақ   ұлттық   университетiнiң   конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi З.Ж. Кенжалиевтiң және заң ғылымдарының докторы, профессор, Заңтану академиясы –  «Әдiлет»  Жоғары  құқық  мектебiнiң  оқу  iсi  жөнiндегi  проректоры С.Ф Ударцевтiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

  

Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының  1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын ресми түсiндiрме берудi және Конституцияның аталған нормаларының  қайсысы  басым  екенiн  және, тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң  кезектi  сайлау күнiн  белгiлеу  мен  ол күндi Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi жариялау кезiнде олардың қайсысын басшылыққа алу керектiгiн айқындап берудi өтiнiп Конституциялық Кеңеске жүгiндi.

Өтiнiш беруге мынадай негiз болған. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрiнше, Конституцияда кезектi Президент  сайлауын өткiзу мерзiмiн түрлiше   айқындайтын   нормалар   бар,   атап   айтқанда:

«Егер Республика Конституциясының Президент сайлауларының барлық жағдайлары  үшiн  ортақ  норма  ретiнде  бағалауға  болатын 41-бабының 1-тармағын  басшылыққа  алсақ,  мұндай  кезектi  сайлау 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс, өйткенi қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi 2006 жылғы 20 қаңтарда, яғни 7 жыл бұрын сайланған Қазақстан Президентi ант берген күнi (ант берген кез, Республика Конституциясының 42-бабының 1-тармағына сәйкес, сайланған Мемлекет басшысының қызметке кiрiскен кезi болып табылады) аяқталады.

Егер Конституцияның ешбiр даусыз бiр рет қана қолданылатын нормасы, яғни 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi кезектi Президент сайлауы жағдайына  есептелген  норма болып табылатын 94-бабының 1-тармағын негiзге алсақ, бұл жағдайда сайлауды 2006 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзу қажет. Бұл ретте қазiргi Президент өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мерзiм 7 жыл және 11 айдан астам болады, мұны Конституцияның 41-бабының талаптары тұрғысынан алғанда президенттiк өкiлеттiктiң жетi жылдық конституциялық мерзiмi сақталмауы деп бағалауға болады».

Конституциялық   Кеңестiң   отырысында   өтiнiш   субъектiсiнiң өкiлi, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы»

1995  жылғы  29  желтоқсандағы  №  2737  Конституциялық  заңның

21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген өзiнiң құқығын пайдалана отырып, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста сондай-ақ Конституцияның 41-бабы 3-тармағының нормаларын түсiндiру және Кеңестiң қорытынды шешiмiнде Қазақстандағы кезектi Президент сайлауының нақты күнiн айқындау туралы өтiнiшiн мәлiмдедi. Бұл өтiнiштi Конституциялық Кеңес қанағаттандырды.

Конституцияның   41-бабының   1   және   3-тармақтарын   және

94-бабының 1-тармағын өтi