Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

2000 жылғы 31 мамырдағы № 3/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен осы қаулының дәлелдеу бөлігінде жекелеген ережелері алып тасталынды.

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негiзiнде, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi 2000 жылғы 10 мамырдағы өтiнiшiн қарап шықты.

Баяндамашылар – Конституциялық Кеңестiң мүшелерi А. Есенжанов пен В.Д. Шопиннiң хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң сөйлеген сөзiн тыңдап, осы өтiнiш бойынша қолда бар материалдармен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.

Өтiнiш беруге, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгiне қатысты даулар бойынша сот практикасында, әкiмдер өздерiнiң бұрын қабылдаған актiлерiнiң күшiн дербес түрде жоюға құқылы емес деген пiкiрдiң қалыптасуы себеп болып отыр, өйткенi ол жөнiнде Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағында тiкелей көрсетiлмеген. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрi бойынша, конституциялық нормаларды бұлай түсiну, әкiмдердiң дәл осы деңгейдегi бұрын қабылданған актiлермен реттелген мәселелер бойынша шешiм және өкiм қабылдау құқығына шектеу қояды.

Осыған байланысты, өтiнiште Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 4-тармағына ресми түсiндiрме беру кезiнде, мынадай: әкiмдер өздерi қабылдаған шешiмдер мен өкiмдердiң дербес түрде күшiн жоюға құқылы ма, деген сұрақтың жауабын ескеру сұралады.

Премьер-Министр өтiнiшiнде қойылған мәселеге қатысты қолданыста, Конституция 88-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президентi, жоғарғы және жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ атқарушы органдар шығаратын нормативтiк және өзге де құқықтық актiлердiң түрлерiн анықтай отырып, бұл актiлердiң күшiн жоюдың (күшi жойылды деп танудың) мүмкiндiгi мен тәртiбiн әр кезде де белгiлей бермейдi. Қараудың нысаны болып отырған, әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн жоюға құқылы органдар мен лауазымды адамдарды көрсететiн Конституцияның 88-бабы 4-тармағынан тыс, Конституция 44-бабының 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Президентi облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасы әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады деп белгiлейдi, ал 88-баптың 3-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн мәслихат шешiмдерi күшiнiң сот тәртiбiмен жойыла алатындығын көзде тұтады.

Конституция 88-бабының 4-тармағында да, жоғарыда аталған конституциялық нормаларда да, онда аталған актiлердi оларды шығарған органдар немесе лауазымды адамдар жоюы мүмкiн екендiгi туралы айтылмайды.

Конституциялық Кеңес, Конституцияның келтiрiлген нормаларында тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың өздерi шығарған актiлерiнiң күшiн өздерi жоюға құқықтылығы туралы тiкелей көрсетпенiң болмауы, бұл органдар мен лауазымды адамдардың өз актiлерiнiң күшiн жоюға құқылы еместiгiнен дәлел бермейдi деп пайымдайды. Бұл орайда Конституциялық Кеңес, мемлекеттiң өкiлдi және атқарушы органдарының, сондай-ақ лауазымды адамдарының, атап айтқанда әкiмдердiң, өздерi қабылдаған актiлерiнiң қажет болған жағдайда күшiн жою құқығы, олардың Конституция мен заңдарда баянды етiлген, тиiстi актiлер шығару бойынша өкiлеттiгiнен келiп шығатынын және осы өкiлеттiктi iске асырудың бiр нысаны болып табылатынын ескердi.

Жоғарыда келтiрiлген конституциялық нормаларды өзгеше түсiндiру, яғни мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының, атап айтқанда әкiмдердiң, олардың өздерi қабылдаған актiлерiнiң күшiн жоюға құқығын жоққа шығару, аталған субъектiлердiң құзыры мен өкiлеттiгiн ешбiр негi