Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің

2000 жылғы 7 маусымдағы № 4/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың, филология ғылымының докторы, Л.Н.  Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң доцентi, маман М.Б. Нұртазинаның қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы

5-бабының 4-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп шығып, баяндамашы Ж.Д. Бұсырмановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және маманның сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 10 мамырда Республика Премьер-Министрiнiң, Республика Конституциясы 5-бабының 4-тармағын «саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi» делiнетiн бөлiгiнде ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. Бұл орайда өтiнiш субъектiсi мына сұраққа жауап берудi сұрайды: Конституцияның осы келтiрiлген нормасының заңи мазмұны тек ақшалай қаражат алуға тыйым салынады дегендi ғана ма, немесе кез-келген өзге де материалдық көмектi (мүлiк, жабдық, заттай көмек, мүлiктiк құқық, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарға көрсетiлген қызметтердiң төлемi және т.б.) алуға да сондай-ақ тыйым салынады дегендi бiлдiре ме?

Республика Конституциясының, қолданылып жүрген заңдардың нормаларын, сондай-ақ қолда бар материалдарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

«Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Республика Заңының 2-бабына сай, Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады.

Барлық қоғамдық бiрлестiктердiң iшiнде партиялар мен кәсiптiк одақтар азаматтардың өз-өзi ұйымдасуының ең жоғары нысаны болып, саяси және әлеуметтiк-экономикалық мақсатты көздейтiн жеткiлiктi дәрежеде құрылымдалған бiрлестiк болып табылады. Оларға ынтымақтастықтың жоғары деңгейi, азаматтардың саяси дүниетанымына және мемлекеттiң өмiрдiң әр саласындағы саясатына елеулi түрде әсер ете алу мүмкiншiлiгi тән. Сондықтан, Республика Конституциясы 5-бабының 4-тармағында, бiрiншi кезекте, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтар сияқты субъектiлердi шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. Бұл норманың Конституцияның «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлiмiнде болуы, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғалатын мүдделерi мен құндылықтарынан дәлел бередi, себебi Қазақстан мемлекетiнiң конституциялық құрылысын, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығын сақтау көзде тұтылады. Партиялар мемлекеттiк органдарды құруға және өздерiнiң өкiлдерi арқылы – мемлекеттiң саясатын  қалыптастыруға қатысады. Қоғамдық-саяси өмiрде кәсiптiк одақтар да айтулы роль атқарады.

Шет елдердiң осы тақылеттес тәжiрибесiн зерделеу көрсеткендей, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың шетелдiк көмек алуына мұндай тыйым салу ұлттық заңдарды қамтиды және онда сырттан келетiн «қаржылық» та, «өзге де көмекке» де тыйым салу көзделген.

Конституциялық норма-принциптердiң, 5-баптың 4-тармағын қосқанда, басымдыққа ие болатындығы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 қаулысында аталып өтiлген болатын. Бұл орайда Конституцияның негiзгi идеясы мен рухын ескеру қажет, оның құрылымындағы «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлiмнiң нормалары жаппай қамтушы әрекеттегi сипатта болады, өйткенi, Конституцияның басқа бөлiмдерiнiң нормаларын қамтитын Қазақстан мемлекеттiгiнiң түбегейлi принциптерi мен тұрлауын баянды етедi.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабы 4-тармағының қарастырылып отырған нормасының мағынасында, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың шетелдiк субъектiлерден қаржылық көмек алуына тыйым салу дегенде, басқа да: ақшалай қаражат, мүлiк, жабдық, автокөлiк, байланыс, баспа құралдары және т.б. түрiндегi өзге де материалдық көмек алу сияқты нысандарды түсiну керек.

Республика Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сай, мемлекет, адамның және азаматтың ұжымдық та, жеке де құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртiптi сақтау қажет болғанда, заңмен шектеуге бару құқығын өзiнде сақтап қалады. Сол арқылы Конституция заң шығарушыға, елдiң конституциялық тұрлауы, егемендiгi мен тәуелсiздiгiне төнетiн қатерге соған барабар құқықтық шара қолдануды белгiлеу мүмкiншiлiгiн бередi. Сыртқы әсерден сақтау, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың дербестiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарға шетелдiк субъектiлер тарапынан көрсетiлетiн өзге де көмекке заңмен тыйым салу мүмкiншiлiгiне ие.

Баяндалғанның негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДi:

 

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабы 4-тармағының «... саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi» делiнетiн бөлiгiндегi нормасын, саяси партиялар мен кәсiптiк одақтардың ақшалай және өзге де материалдық қаражат алуына құқықтық тыйым салу деп түсiну керек.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының 3-тармағына сай, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескере отырып, шағымдануға жатпайды.