Қызылорда облыстық сотының «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші бөлігін,

«Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5 және 11-баптарын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің

2001 жылғы 7 мамырдағы № 6/2 қаулысы

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 жылғы № 2 нормативтік қаулысымен осы қаулының дәлелдеу бөлігінің жекелеген ережелері алып тасталынды.

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан өзінің ашық отырысында, мыналардың: өтініш субъектісі - Қызылорда облыстық сотының төрағасы Б.З. Сақаловтың;

Республика Бас прокурорының орынбасары А.К. Дауылбаевтың, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Б.Ж.Әбдірайымовтың, Республика Әділет министрлігінің халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары А.Е. Асылбековтың, Республика ІІМ арнаулы полициясы басқармасының бастығы А.М. Дайыровтың, Республика Сыртқы істер министрлігі халықаралық-құқық департаментінің халықаралық-құқык проблемалары бөлімінің бірінші хатшысы А.Қ. Кинжебаеваның, Республика ІІМ арнаулы полициясы басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы М.З. Ілиясовтың қатысуымен,

Қызылорда облыстық сотының «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағы екінші бөлігінің  және «Байқоңыр» кешені аумағында қүқық тәртібін қамтамасыз етудегі құкық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі жөніндегі ұсынымын қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар – Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев пен Қ.Ә. Омархановтың хабарын және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Конституциялық Кеңеске 2001 жылғы 10 сәуірде Қызылорда облыстық сотының «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші бөлігін және «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қүқық қорғау органдарының өзара іс қимылы туралы келісімнің 5-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсынымы келіп түсті.

Өтініш жасауға, А.Т. Қияшев пен А.К. Қоңырбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы талап арыздары бойынша Қызылорда облыстық сотының іс жүргізуінде жатқан азаматтық іс себеп болған. Талап-арыздардың мағынасы бойынша, Қазақстан азаматтары бола тұрып және оның аумағында тұрып, «Байқоңыр» кешені аумағында құқық бүзушылық жасағаны үшін оларды ресейлік құқық қорғау және сот органдары қылмыстық қудалауға ұшыратып, Ресей Федерациясының заңдары бойынша соттаған.

Ұсынымнан келіп шығатыны, А.Т. Қияшев жасаған құқық бұзушылық қылмыстық жазалауға жататын әрекет (бөтен біреудің мүлкін үрлау) ретінде сараланған, ал Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ол бөтен біреудің мүлкін ұсақ-түйек ұрлағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек еді. Шет ел мемлекетінің сот үкімдеріне қылмыстық іс жүргізу тәртібімен Қазақстан соттарына шағымдануға құқықтық негіздемесі болмағандықтан, талапкерлер, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен, құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына конституциялық құқығын пайдаланған.

Талап арызды қабылдап алып, Қызылорда облыстық соты іс жүргізудІ тоқтата тұрған, себебІ, оның пікірінше, «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші бөлігі және «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5-бабы соттың істі бұдан әрі қарауына тосқауыл жасайды. Шарт пен Келісімнің аталған нормаларынан, соттың өтінішінде көрсетілгеніндей, кейбір жағдайларда Қазақстан аумағында адамдардың белгілі бір санаттарына, соның ішінде Қазақстан азаматтарына да қатысты, Ресей Федерациясының юрисдикциясы тарайтындығы келіп шығады. Бұл орайда құқық бұзушылық туралы материалдарды ресейлік құқық қорғау органдары Ресей Федерациясының заңдары бойынша қарайды.

Халықаралық құжаттардың бұл аталған нормаларынан Республика Конституциясының 11-бабы 1-тармағымен және 14-бабымен көзделген адам құқықтарын, сондай-ақ Республика Конституциясының 2-бабы 2-тармағының, 39-бабы 3-тармағының, 75 және 76-баптарының талаптарын бұзушылықты тауып, облыстық сот «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші бөлігін және «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5-бабын конституциялық емес деп тану жөніндегі ұсыныммен Конституциялық Кеңеске жүгінген.

Одан тыс, өтініш субъектісі - Қызылорда облыстық сотының төрағасы Б.З. Сақалов, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының  21-бабы  3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, өтініштің көлемін ұлғайту – «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің сондай-ақ 11-бабында Республика Конституциясына сәйкес емес деп тану жөнінде өтініш жасаған.

Қызылорда облыстық сотының ұсынымында көрсетілген халықаралық актілер нормаларының конституциялылығын т