Қазақ КСР-інің 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекітілген, «Қазақ КСР-інің адвокатурасы туралы Ереженің» 3-бабы

3-бөлiгiнің конституциялық еместігін тану туралы Ақмола облыстық сотының өтiнуi туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

1997 жылғы 24 сәуiрдегi № 9/2 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Н. Сәбiкенов, С.Ғ. Темiрболатов, В.Д. Шопин бар, Қазақстан  Республикасы  Парламентi  Сенатының өкiлi депутат С.М. Жалыбин, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бөлiм меңгерушiсi М.М. Әмiрованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Жарлығының 17-бабының 4- тармағының 1) тармақшасына сәйкес өзiнiң ашық мәжiлiсiнде Қазақ КСР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекiтiлген,1991 жылғы 28 маусымда және 1995 жылғы 5 қазанда өзгертулер мен  толықтырулар енгiзiлген «Қазақ КСР-iнiң адвокатурасы  туралы Ереженiң» 3-бабының 3-бөлiгiнiң конституциялық еместiгiн тану туралы Ақмола облыстық сотының өтiнуiн қарады.

 

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Н. Сәбiкеновтың хабарын, Қазақстан Республикасы Парламентi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi өкiлдерiнiң сөздерiн тыңдап, мамандар – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетiнiң конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымының докторы, профессор В.А. Ким мен Алматы қалалық адвокатура алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы адвокаттар Одағының президентi К.К. Карчегеновтың қорытындыларын тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Ақмола облыстық сотынан оның төрағасы А.А. Қасымовтың қолымен Қазақ КСР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекiтiлген,1991 жылғы 28 маусымда және 1995 жылғы 5 қазанда өзгертулер мен  толықтырулар енгiзiлген «Қазақ КСР-iнiң адвокатурасы туралы Ереженiң» 3-бабының 3-бөлiгiнiң конституциялық еместiгiн тану туралы өтiнуi түскен болатын.

Өтiнуге облыстық әдiлет басқармасы Е.Б. Жалғасовтың басшылығымен азаматтардың (заңгерлердiң) бастама тобы құрған облыстық № 2 адвокаттар алқасын ұйымдық-құқықтық түрiндегi «қоғамдық бiрлестiк» деп тiркеуден бас тартуы туралы

1996 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығының заңсыздығын тану туралы Е.Б. Жалғасовтың талап арызы бойынша азаматтық iстi Ақмола облыстық сотының қарауы себеп болды.

Ақмола облыстық соты 1996 жылғы 7 тамызда талап арызды қарап, шешiм қабылдаған болатын, ал Ақмола облыстық әдiлет басқармасы оны Ақмола облыстық № 2 адвокатурасы алқасын қоғамдық бiрлестiк түрiндегi заңды тұлға түрiнде тiркеуге мiндеттi едi.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 106-бабына және Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына сәйкес ортақ мақсатқа жету үшiн ерiктi негiзде құрылған азаматтар бiрлестiгi қоғамдық бiрлестiктер болып табылатынын сот шешiмiне негiз болғанын атап көрсеткен болатын.Қолданылып жүрген, 1980 жылғы «Қазақ КСР-iнiң адвокатура туралы Ережесiнде» адвокаттық қызметпен (3-бап) айналысатын адвокаттар алқасы тұлғалардың ерiктi бiрлестiгi делiнген, мұның өзi «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңға қайшы келмейдi. Сондай-ақ сот адвокаттар алқасы азаматтардың қоғамдық бiрлестiктерiне жатады делiнген ғылыми сараптаманың қорытындысына сүйенген. Себебi қоғамдық  бiрлестiктердi  тiркеудiң  тәртiбi  бiрдей  бекiтiлген, демек, ол сот пiкiрi бойынша, қоғамдық бiрлестiктердi құруға мемлекеттiк органдардың алдын ала келiсiм беруiн қажет етпейдi.

Соттың бұл шешiмiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасы 1996 жылғы 23 қарашадағы ұйғарумен де бұзған және iс басқа судьялар құрамында қайта қарау үшiн адвокатура туралы заңның 3-бабының 3-бөлiгiнiң конституциялық еместiгiн тану туралы сол сотқа жiберiлген болатын. Сөйте тұра, Конституциялық Кеңеске жүгiну үшiн Ақмола облыстық сотына ұсыныс жасалған.

Аталған өтiнудi және оған тiгiлген материалдарды талдай келе Конституциялық Кеңес мыналарды еске алды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқығы мен бостандықтары адамға тумысынан жазылғандығы, олар абсолюттi деп танылатындығы, олардан ешкiм айыра алмайтыны (12-бап, 2-тармақ) бекiтiлген және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектеулi мүмкiндiгi (39-бап, 1-тармақ) атап көрсетiлген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1-тармағында былай делiнген: «Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi (23-бап, 1-тармақ) және оған кепiлдiк берiледi. Оған қоса, Конституциясының 5-бабында қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуы мен қызметi қандай жағдайда шектелетiнi, азаматтардың бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгi, өздерiнiң құқықтарын пайдалануға қатысты ой- мақсаттарына қандай да бiр келiсiмдi немесе бекiтудi қажет етпейтiнi айқын белгiленген.

Конституциялық ережелер негiзiнде сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 2-тармағын iске асыру тәртiбi бойынша 1996 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңы қабылданды, сонда айтылғандай «бiрлестiктерге ерiк беру құқығы адам мен азаматтың аса маңызды конституциялық құқығын бiлдiредi, оларды жүзеге асыру қоғам мүддесiне жауап бередi және мемлекеттiң қорғауында болады».

Қоғамдық-құқықтық үлгiде «Қоғамдық бiрлестiк» ретiнде құрылатын заңды тұлға ретiндегi № 2 Ақмола облыстық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 34-бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымға жатқызылады, өйткенi ол пайда табу мақсаты мен оны құрылтайшылары арасында бөлiсу мақсатын көздемейдi әрi адвокаттық қаламақыны аудару есебiнен ұсталады.

«Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңның 3-бабында оның ықпалының барлық қоғамдық бiрлестiктерге тарайтыны, бiрақ саяси партияларды, кәсiподақтар және жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерiн құруға және жоюға байланысты ерекшелiктер басқа заң актiлерi мен реттелуi мүмкiн. Осы бапқа сәйкес жалпы принциптер негiзiнде қоғамдық бiрлестiктердi құру мен қызметi негiздерiн айқындайтын адвокатураны ұйымдастыру мен қызметi тәртiбiн реттейтiн арнайы актiлердi шығару дұрыс.

1980 жылғы 13 қарашадағы «Қазақ КСР адвокатурасы туралы ереженi», 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулер мен толықтыруларды жекелей алғанда Ереженiң 3-бабының 3-бөлiгiн қарай отырып, сөз жалпы принциптер шеңберiнде жiберiлетiн ерекшелiктер туралы емес, ерекшелiктердi есепке алу түрiндегi жалпы принциптерден бас тарту туралы болып отырғанын атап өту керек. Жоғарыда келтiрiлген жалпы принциптер Конституцияда және соған сәйкес Қазақстан Респаубликасының заңдарында бекітілген.

1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңда  қоғамдық  бiрлестiктердi  тiркеу  үшiн  бiрлестiктердi  жоғары тұрған органның алдын ала келiсiмiн алу тәртiбi және қаралып отырған Ереженiң 3-бабының 3-тармағында көрсетiлген тiркеу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарда бекiту тәртiбi белгiленбеген.

Осылай алғанда, 1980 жылғы 13 қарашадағы «Қазақ  КСР адвокатурасы туралы Ереженiң», 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулерiмен және толықтырулармен белгiленген адамдардың ерiктi бiрлестiгi ретiнде, адвокат қызметiмен шұғылданатын адвокаттар алқасын құру тәртiбi Қазақстан Республикасы  Конституциясында  және  1996  жылғы  31  мамырдағы «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңында белгiленген қоғамдық бiрлестiктердiң жалпы және негiзгi принциптерiне сәйкес келмейдi.

Бұлардан тыс «Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженiң» 3-бабының 3-бөлiгiнде көрсетiлген талаптар осы мәселелерге қатысы бар заңдарда айтылмайды.

Тiркеудiң жалпы тәртiбiн белгiлейтiн 1995 жылғы 17 сәуiрдегi «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы» заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында, 1995 жылғы 31 тамыздағы, 1995 жылғы 5 қазандағы және 1996 жылғы 26 қаңтардағы өзгертулер мен толықтыруларда қоғамдық бiрлестiктердi құруға жоғары тұрған органың келiсiмiн мiндеттi түрде алу айтылмаған.

1995 жылғы 17 сәуiрдегi «Лицензиялау туралы» заң күшi бар Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  Жарлығына,  1995  жылғы 31 тамыздағы және 1997 жылғы 7 сәуiрдегi өзгертулерге және толықтыруларға сәйкес адвокат қызметiн көрсету лицензиялауға жатады. Жоғары тұрған органның келiсiмiн алу және жергiлiктi атқарушы органдарда бекiту тәртiбi аталған Заңмен лицензиялау үшiн қажеттi талаптарға енгiзiлмейдi.

Мемлекет адвокаттар алқасы қызметiн қаржыландырмайды. Мемлекеттiк қаржыландыру республикалық бюджет туралы қабылданатын заң негiзiнде жүзеге асырылады. 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңында адвокаттар алқасын мемлекеттiк қаржыландыруға байланысты нормалар жоқ. Конституцияның 13–бабының 3-тармағына, Қазақ КСР-нiң ҚIЖК 23 және Қазақ КСР-нiң АIЖК 90-1 - баптарына сәйкес мемлекет тек адвокат еңбегiне ақы төлей отырып, заң жүзiнде тегiн мемлекеттiк және қоғамдық институттардың бiрiгуiне, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдар мiндетiн жүктеуге жол бермейдi (5-бап, 1,2 тармақтар).

Жоғарыда келтiрiлгендер «Қазақ КСР адвокатурасы туралы Ереженiң» 3–бабы 3-бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекiтiлген азаматтардың құқығы мен еркiне нұқсан келтiретiнiне негiз болып табылады.

Конституциялық Кеңес жоғарыда айтылғандардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Жарлығының 31-33-баптарын басшылыққа алып:

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қазақ КСР-нiң 1980 жылғы 13 қарашадағы   Заңымен, 1991 жылғы 28 маусымдағы және 1995 жылғы 5 қазандағы өзгертулерiмен және толықтыруларымен бекiтiлген «Қазақ КСР-i адвокатурасы туралы Ереженiң» 3-бабының 3-бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1-тармағында бекiтiлген адам мен азаматтың құқығына және еркiне нұқсан келтiретiн конституциялық емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» Жарлығының 39-бабы 2-тармағына сәйкес Конституция бекiткен адам мен азаматтың құқығы мен еркiне нұқсан келтiретiнi танылған заңдардың конституциясыздығына сәйкес заңды күшi жоғалады және қолданылуға жатпайды. Осындай заңға негiзделген соттар мен басқа құқық қорғау органдарының шешiмдерi орындауға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы, 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Қазақстан аумағына жалпы мiндеттi болып есептеледi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар «Қазақстан Республикасының   Конституциялық   Кеңесi туралы» Жарлығының 38-бабы 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды ескергенде түпкiлiктi болып табылады және арыздануға жатпайды.