Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген Қазақстан

Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларының

7-тармағы 3) тармақшасының конституциялығын

тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2016 жылғы

14 желтоқсандағы № 1 нормативтік қаулысы

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері Н.В. Белоруков, А.Қ. Дауылбаев, В.А. Малиновский,  А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов, У.Шапак қатысқан құрамда, мыналардың:   

өтініш субъектінің өкілі – Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.К.Сейдалинаның,

актісінің конституциялығы тексеріліп отырған мемлекеттік органның – Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдинаның,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы   Парламенті   Сенатының   Конституциялық   заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Л.Голторабатьконың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Н.Жайылғанованың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Е.Т.Максютаның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Н.Кравченконың, Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары М.Ө.Қалқабаевтың,

Қазақстан   Республикасы   Ішкі   істер   министрлігінің   өкілдері

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тұрғынбаевтың және Көші-қон полициясы департаментінің бастығы С.С.Сайыновтың,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері

– Консулдық қызмет департаментінің Консулдық-құқықтық мәселелер басқармасының  басшысы  Қ.А.Канафеевтің  және  Консулдық  қызмет департаментінің Консулдық-құқықтық мәселелер басқармасының атташесі А.Б.Ахтановтың,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы Р.А.Рахымовтың,

Республикалық адвокаттар алқасының өкілі – Республикалық адвокаттар алқасының атқарушы директоры С.В.Сизинцевтің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қарағанды  облысы Теміртау   қалалық   сотының   Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды   ресімдеу қағидаларының    7-тармағының 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А.Малиновскийдің хабарлауын, отырысқа  қатысушылардың сөйлеген сөздерін, сарапшы – заң ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ж.Д.Бұсырмановты тыңдап, сарапшылар: заң  ғылымдарының докторы,    Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия    ұлттық    университеті заң факультетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Е.Б.Әбдірәсіловтің; заң ғылымдарының докторы, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Д.М.Баймаханованың; заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қолданбалы  зерттеулер  институтының директоры М.И.Жұмағұловтың;  заң     ғылымдарының докторы, «Университет КАЗГЮУ» Акционерлік қоғамының азаматтық, кәсіпкерлік және азаматтық процестік құқық кафедрасының профессоры С.Қ.Идрышеваның; Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қорының (GIZ) «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке көмектесу»  Бағдарламасының  директоры  Й.Пудельканың;  маман  – заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сорбонна-Қазақстан институтының халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі А.Ә.Сәбитованың қорытындыларымен танысып; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының, «Университет КАЗГЮУ» Акционерлік қоғамының, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» Мемлекеттік мекемесінің пікірлерін, сондай- ақ  конституциялық  іс  жүргізудің  өзге  де  материалдарын  зерделеп, жекелеген шет елдердің заңнамасы мен практикасын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2016 жылғы

16 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларының 7-тармағының 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келіп түсті.

Ұсыныстан белгілі болғанындай, талапкер Е.В.Баринованың Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұру үшін Ресей Федерациясына кетуіне рұқсат беру туралы В.А.Моисеенкоға талабы бойынша № 2-3560 азаматтық іс Теміртау қалалық сотының іс жүргізуінде жатыр.

Е.В.Баринованың әкесі – В.А.Моисеенконың оған кетуі үшін жазбаша  түрде  рұқсат  беруден  бас  тартуы  сотқа  жүгінуге  негіз болған. Осыған байланысты, Е.В.Баринова соттан өзінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұру үшін Ресей Федерациясына кетуіне рұқсат беруді сұрайды.

Азаматтық істің материалдарын зерделеп және талапкердің түсіндіруін тыңдап, бірінші сатыдағы сот «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларының 7-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасы     Конституциясының 21-бабының 2-тармағына және 39-бабының 1-тармағына қайшы келетіндіктен, Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген адамның және азаматтың құқықтарына нұқсан келеді» деп тапқан.

Осыған байланысты, сот Конституцияның 78-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тармағының 3) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын өтініш нысанасына қатысты талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады,  оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы), бұл мемлекет үшін жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын айғақтайды және мемлекет үшiн «адамға қамқорлық жасаудан асқан маңызды  мiндет  жоқ»  екенiн  бiлдiредi  (Конституциялық  Кеңестiң 2001  жылғы  21  желтоқсандағы  №  18/2,  2006  жылғы  13  шілдедегі №  4, 2007  жылғы 28 мамырдағы № 5, 2008 жылғы  27  ақпандағы № 2 нормативтік қаулылары).

Негізгі  Заңның  12-бабының  1  және  2-тармақтарына  сәйкес

«Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі», «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады». Бұл нормалардың мазмұнынан келiп шығатыны, адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет Конституцияда және соған сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген шектерде кепiлдiк бередi, және осы құқықтар мен бостандықтарды iске асырудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiр