«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2004 жылғы 21 сәуiрдегi № 4 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.   Хитрин,   Кеңес   мүшелерi   Х.Ә.   Әбiшев,   Қ.Ж.   Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, A.К. Кoтoв, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлiРеспублика Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық басқармасының бөлiм меңгерушiсi М.А. Пакирдиновтiң,

Республика Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары

Н.Ш. Жолдасбаева мен Ә.Қ. Бәкiрдiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Ақпарат вице-министрi А.Д. Досжанның,

Республика Әдiлет вице-министрi С.М. Бекбосыновтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованы, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

АНЫҚТАДЫ:

 

«Бұқаралық      ақпарат      құралдары      туралы»      Қазақстан

Республикасының  Заңын  Қазақстан  Республикасының  Парламентi 2004  жылғы  18  наурызда  қабылдап,  2004  жылғы  25  наурызда Республика Президентiнiң қол қоюына берген.

Қазақстан      Республикасы      Конституциясының      72-бабы

1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мемлекет басшысы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтiнiш енгiзген.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Республиканың Заңын (бұдан әрi – Заң) конституциялылығы тұрғысында қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Конституциясының , бұқаралық ақпарат құралдарының қызметi аясындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге негiз етiп алынуға тиiс, мынадай ережелерiн негiзге алды:

1)   жалпы ережелер (1, 7 және өзге де баптары);

2)   адамның және азаматтың бұқаралық ақпарат құралдары саласына қатысты қолданыстағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын  реттейтiн  нормалар  (12,  13,  18,  20,  39  және  өзге де баптары);

3)   соттардың  қызметi  және  олардың  сот  төрелiгiн  жүзеге асыруы мәселелерiн регламенттейтiн нормалар (75-77-баптар);

4) Қазақстан  Республикасындағы  заң  шығару  процесiн реттейтiн нормалар (45, 61, 66-баптар).

Сондай-ақ, Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулыларында тұжырымдалған, Республика Конституциясынан келiп туындайтын құқықтық позициясы назарға алынды.

1.   Республика   Конституциясының   20-бабының   1-тармағы сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк бередi, ол өз пiкiрiн, көзқарастарын, сенiмдерiн, идеяларын әр түрде және нысанда, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еркiн бiлдiру құқығын көздейдi. Бұл конституциялық ережелердi iске асыру, әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқықтық мүмкiндiгiн реттейтiн заңмен, сондай-ақ цензураға тыйым  салынумен  қамтамасыз  етiледi  (Конституцияның

20-бабының 1 және 2-тармақтары).

Конституцияның 20-бабы 1 және  2-тармақтарының ережелерi